ЕРТЕГІ ЕЛІНДЕ

күбірлеп, басты орнына қалай болса солай қоя салды да, Тюльтанның қасына қайта келді. –Әміріңіз орындалды, тақсыр! Сәлден соң ол сөйлей бастайтын болады, –деп аяғы аяғына шалынысып құлап түсті. –Мен… Осындай ұлы математикті арамызға әкелгені үшін… Мыстанды… сыйлағым келіп отыр, –деп Тюльтан ағынан жарыла сөйледі. –Оған… қазынадан… бір жарым жалақысын дәл қазір санап беріңдер! Дәл қазір!.. –Қазынада көк тиын жоқ, ұлы мәртебелім! –деді қазынашы тақ тақ етіп. –Неге? –деп ол қазынашыға түйіліп қалып еді, құлап кете жаздап барып әрең бойын түзеді. –Бәрін бітірдік. Бағана диюлар ең соңғы ақшаны алып көрші Бірлестіктен ертеңгі ұлы тойға арақ- шарап әкелуге кеткен. –Ал, менің мыстандарым мен жын- шайтандарым не бітіріп жүр? Олар ақша таппай ма? –Қолдарынан ешнәрсе келмей жатыр, ұлы мәртебелім! –Неге? –Адамдар бұрынғыдай емес, пысық боп кетті, тақсыр! –Неге? –Негесі несі? Олардың арасындағы ақылдыларды ұстап бітіре алмай- ақ қойдық. Олаар біздің өкілдеріміздің өзін алдап жіберетінді шығарды. Ақылды деп ұстағандарымыздың көбісі ақымақ боп шығып жатыр, тақсыр! –Маған ақымақтың керегі жоқ, ақымақ керек болса өздерің- ақ жетесіңдер. Маған тек ақылдылар керек, ақылдылар! Адамдар арасында ақылдылар неғұрлым аз болғаан сайын, олар солғұрлым надан болады. Ал, надандарды алдау оп-оңай! –Бүгін бір данышпан бізде тұтқында отыр ғой, ол аз ба, –деді көмекші. –Иә, заман өзгерді!,,, Бұдан біраз жыл бұрын қандай керемет еді, шіркін! –деп қиялдады Тюльтан. –Соны айтсаңшы! –деп қосстады Тсара оны. –Жұрттың көбісі ішіп жүретін. Дүние мүліктері шашылып жататын. Әсіресе, қазақтар! Малдарыын далаға байлап қойып, өздері есіктерін ішінен іліп алып жатушы еді- ау! Қайран, заман- ай!,, Күні бойы Ермекті төңіректеп жүрген қазынашы оған кеп: –Айтпақшы, сенің әке шешең бай көрінеді ғой. Дала толған тауықтары, үйрек қаздары бар екен. Ертеңгі тойға соларды айдап алып келсең қайтеді. Маған мініп-ақ барып келейік, –деді сыбырлап. –Өз үйіме ұрлыққа түсіп мені жын ұрып па? –деді Ермек ашуланып. –Онда басқалардыкін алып келейік. –Жоқ, мен ешқашан ұрлық жасаған емеспін! Қазынашы қойнынан бөтелке алып Ермектің алдына қойды. –Бұл не? –деп таңдана сұрады Ермек. –Көріп тұрсың ғой, жартылық! –Мұны қайтем? Қазынашы кеңірдегін шертіп қалып: «Ішесің» –деді. –Біз, мектеп оқу… а а… Иә… Біз, батырлар, ешқашан арақ ішпейміз! –Қ- қайран баяғы заман-ай десеңші! Арақққа бәрін сатып алушы едік -ау! Есімде,, бір мас күзетшіден бір литр араққа екі пулемет сатып алғаным. –Ол ықылық атып әрең сөйледі. Мыстан кемпір қалтақтай басып олардың қатарына кеп тұрды. Оның басын Тсара мас боп жүріп теріс орнатып қойыпты. Денесі бері қарағанда, басы ары қарап сөйлейді. –Маған келгенде бұлардың қазынасы да қурап қалады, –деп ызаланды Мыстан. –Ұлы мәртебелі тақсыр! Ұлы мәртебелі әміршім!,, Бұл әділетсіздік қой!

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36