Оның қателігі болса кешіріңіз. Таққа отырғаннан бастап тойлауда. Айтсақ тыңдамайды. Көп болса он мың жыл жасаймыз, қысқа өмірді көңілді өткізіп қалу керек дейді. –Мәссаға-ан! Он мың жыл жасап отырып соны қысқа өмір дейді, ә! Осы кезде жендеттер аяқ -қолдары байлаулы төрт бес диюларды айдап әкеп, бір бөлмеге қамап жатты. Оны көрген Ермек биін тоқтатып. –Мугара, мыналардың жазығы не? –деді. –Олар қашқындар? –Қандай қашқындар? לБұл бірлестіктің тәртібіне көнбейміз деп басқа жаққа қашып бара жаатқан жерінен жендеттер ұстап әкелген. Енді оларды өлтіреді. –Неткен аянышты! –Тс- с- с! «Аяу» деген сөзді біздің патшалық ұнатпайды. Екінші олай деп айта көрмеңіз. Осы кезде тас бөлмеге қамалған жындардың шыңғырған дауыстары естілді. Соған қарағанда оларды азаптап өлтіріп жатса керек. –Болды! Әзірге жетеді! Енді, кешеден бері үйреніп жатқан қазақ биін билейміз, –деді маэстро. –Оркестр! Дайындал! Бұл –ерекше вальс. Енді бірінші болып Ермек батыр мен Мугара ханшайым бастайды. Музыка! «Қазақ вальсі» ойналды. Есепке шорқақ болғанмен жындар музыкаға қабілетті боп шықты. Мугараның сұрауы бойынша Ермек «Қазақ вальсінің» әуенін екі үш рет қайталап бергенде музыканттар оны тез арада ұғып ала қойды. Вальс әуені жын шайтандарға ерекше әсер етіп, олар теңселіп кетті. Ермек иіліп кеп Мугараны биге шақырды. Олар вальс ырғағымен билей жөнелді. Олардың ерекше биіне жын шайтандар разы боп, сүйсіне қарап қалыпты. Музыка олардың жеке қайғыларын да ұмыттырып жіберді. Қарап тұрғандардың әуелі бір екеуі, келе -келе бәрі биге араласып кетті. Би бітіп, бәрі мәз боп қол соқты. Тұтқындар жазаланып жатқан тас бөлменің ар жағынан ащы айғайлар естілді. «Жасасын бостандық! Жойылсын жеке өкімет! Құрысын маскүнем патша!» Сонан соң олар өлең бастады. Сәлден соң бәрі жым-жырт болды. –Бәрі де өлді, -деді Мугара көзіне жас алып. Ермек оны жұбатып, жасын сүрту үшін оған бет орамалын берді. –Бәріне әкем кінәлі, –деді Мугара. –Атамыздың жиған бүкіл қазынасы той тойлаумен таусылды. Бүгінгі тойды атқару үшін халықтың үстіндегі киімін сатуға жарлық берілді. Жұрттың жалаңаш жүргені сондықтан. Мұны мен айтты деп тісіңнен шығарма, әйтпесе мені… –деп ол мойнын саусағымен кесті. Осы кезде сақшылардың дауысы естілді. –Ұлылардың ұлысы Тюльтан-99 ұйқысынан оянды! –Данышпандардың данышпаны Тюльтан-99 орнынан тұрды! –Әлемдегі ең кемеңгер патша Тюльтан-99 осылай қарай келе жатыр! Сақшы хабарлама жасап біткенде бір бұрыштан Тюльтан көрінді. Ол ортаға шығып есінеп алды да, жан жағына қарады. –Сіздей ұлылардың ұлысын аман көргенімізге шексіз қуаныштымыз! –деді сақшылар бірінен соң бірі жарыса бас иіп. –Бақыттымыз! –Арманымыз жоқ! Болмақ емес! Тюльтан-99 тағына барып жайғасты да: –Менің таққа отырғаныма бүгін нешінші күн? –деді өзімен еріп келген көмекшісіне еңкейіп. –Үш жүз алпыс бес мың бір жүз қырық бес күн, ұлы
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36