ЕРТЕГІ ЕЛІНДЕ

мәртебелі тақсыр! –Сонда қанша жыл болғаны? –Оны есептеп, жылға айналдыратын ешкім жоқ, ұлы мәртебелім! Ондай ұлы математик әлі туылған жоқ. –Бар! –деді топ ішінен біреу. Бәрі дүрлігіп оған қарады. Ермек екен. –Үш жүз алпыс бес мың бір жүз қырық бес күнді жылға айналдырғанда Мың жыл, төрт ай, жиырма бес күн болады, ұлы мәртеебелі тақсыр! –деді ол тақылдап. –Әне, есіттің бе ақымақ! Жазып қой! Ал сен ондай математик туылған жоқ дейсің. Жасасын ұлы математик Ермек! –Жасасын! Жасасын! Жасасын! –деген дауыстар жан жақтан жаңбырдай жауды. –Сіздердің билеріңіз маған өте ұнады, –деді Мугара. Музыкасы қандай әсем! Сіз маған тағы да би үйретесіз бе? –О, әрине, ханшайым! Егер сіз қаласаңыз! Біздің музыка мен вальстің сізге ұнағанына өте қуаныштымын! Бірақ, өскен соң сол елдің адамдарын сіздің де алдап- арбайтыныңыз жараспайды-ақ! –Жоқ, мен олай етпеймін! Мен сіздің елге ешқашан жамандық жасамайтын боламын. –Сіз солай ойлайсыз, ал, басқалар көне қоймас. –Ешкімді алдап-арбамай, ешкімге жамандық жасамай адал өмір сүруге мен өзгелерді де үгіттеп көремін. Олар көнеді. Мен оларды көндірмей қоймаймын! Сіздер ойлағандай біздің бәріміз алаяқ сұм емеспіз! Қай елде болмасын қыздың аты қыз ғой. Мугараға өз елінің жаман қылықтарына намыстанып жылап жіберді. Жұртқа көрсетпеу үшін Ермек сыйлаған орамалмен дембіл- дембіл көз жасын жасырын сүрте берді. Орамал дымқыл тартып кеткен соң ол оның бүктеуін жазып еді, ішінен көк жібекпен жүргізілген жазу шықты. Мугара оған таңдаана қарады. –Неткен керемет! –деді ол орамалға түсірілген оюлар мен жазуларға түсінбесе де таң тамаша боп қарап. –Бұл не? –Бұл – оюлар. Ал мынау –жазу. –Онда не жазылған? Ермек ол жазудың сырын айтуға ыңғайсызданып сәл мүдіріп қалды. –Бұл… Білесің бе, мәселе былай… біздің елде қыздар балаларға орамал сыйлайды. Орамал сыйлаған кезде бар өнерін салып оның бетіне әр түрлі жібек жіппен оюлар жүргізеді, өзі орамал ұсынып отырған жігіттің атын жазады. –Қыздар орамалды ұлдарға сыйлай ма? –Иә. –Неге өйтеді? –Ім… м… Орамал ұсыну –жақсы көрудің белгісі. –Ал, мұнда не деп жазылған? –«Ермек» деп жазылған. –Демек, сізді біреу жақсы көреді ғой, солай ма? Ермек ыңғайсызданып күмілжіп қалды. –Кім білген, –деді ол иығын қозғап. –Кластас бір қыз туған күніме сыйлаған. –Сенің туған күнің қашан? –1977 жыл, 10 апрель. –Біздің дәуірдің бе? –Әрине! Біздің дәуірімізге дейін болса… ойо- о, менің сүйегім де күл боп кетпес пе еді!.. –Тү-у, сіз тым жас екенсіз ғой, –деп күлді Мугара. –Бірақ, сөздеріңіз жасамыс адамның сөзіндей. Соған қарағанда сіздер бәрін тез біліп, тез үйреніп, енді ақылды бола бастағанда өліп кететін болуларыңыз керек. –Мүмкін, –деді Ермек қыздың пайымдылығына сүйсініп. –Әбден мүмкін. Амал, қанша, құдай бізді солай

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36