ЕРТЕГІ ЕЛІНДЕ

үшін кешірім сұраудан басқа жол таппады. –Мен сізді алдайын деген жоқ едім, кешіріңіз, –деді Ермек Мугараның алдында тізе бүгіп. –Мен жай… сізді ренжи ме деп… Бізде мұндай өтіріктер күнде айтылады. Сондықтан оған ешкім мән бермейді. Кешіріңіз мені! Мугара жансыз адамдай міз бақпай ұзақ тұрды да, кестелі орамалдың бүктеуін қайта жазып, оған тесіле көз салып, тағы да қимылсыз қалды. Патша қызын қайырылмастай қатты ренжітіп алған екенмін деп Ермек оның қолынан ұстап: –Сіз неге үндемейсіз, Мугара? Бір білместікті кешіруге болады ғой, мен сіздердің араларыңызға алғаш түсіп отырмын ғой, –деп жалына бастап еді, ханшайым: –Мен… мен сізді жақсы көремін, –деді даусы дірілдей шығып. –Сіз біздерге ұқсамайсыз, сіз біртүрлі жайдарысыз, мейірімдісіз және ұлы математиксіз… –О-о, қайдағы математик! Біздің класта әлгіндей есептерді кез келген бала шығара алады. –Бәрібір, сіз… маған ұнап қалдыңыз… –Сіз де! Сіз де бізге ұқсамайсыз. Сіздің көздеріңіз бірде түпсіз зындан секілді, бірде найзағай отынан жаралған жебе сияқты. Сонымен, сіз мені кештіңіз бе? –Иә, –деді Мугара оның селдір шашынан сипап. –Кештім. Ермек қуанғанынан орнынан атып тұрып, оны иығынан құшақтай алды. –Мына орамалды қайтеміз? –деді Мугара. –Ол сізде қалады…. –Бұл біреудің сыйлығы ғой. –Иә… рас ау… біздің елде біреудің сыйлағанын екінші біреуге сыйламаушы еді… Ал, бірақ, онда тұрған не бар?.. Мүмкін, бұл жолы ол дәстүрді бұзғандық боп табылмас. Біз доспыз ғой, солай ма? Мугара басын изеді. –Орамал менікі, енді оны мынадай ерекше жағдайда сізге сыйласым ешкім ренжімес. –Онда… мен… –Мугара саусағымен жазуларды бір сипап өткенде олар лезде ғайып болды. –Бұл… сіздің мұныңыз не? –деді Ермек шошынып. Жауап орнына Мугара жымия күліп орамал бетіндегі жазуды көрсетті. Көк жібекпен жазылған «Ермек» деген ғана жазу қалыпты. –Бұл сізден қалған ескерткіш болсын, –деді ол орамалды камзолының ішкі қалтасына салып жатып. –Айжанға айтыңыз, ренжімесін! –Жарайды, айтам! Ол бұған ренжімейді. Ол –жақсы қыз, –деді Ермек Мугараның ренжімегеніне, орамалды ескерткіш ретінде өзінде қалдырғанына қуанып. Осы кезде патшаның: –Қонақтар неге кешігіп жатыр? Олардың келетін кезі болған жоқ па? –деген сабырсыз даусы естілді. –Келетін кезі әлдеқшан болған, ұлы мәртебелім. Бірақ… –деген көмекшінің қарлыққан үні шықты. –Не, бірақ? –Олардың көбісі сән- салтанат күймелерімен және фаэтондарымен шыққан екен, бәрі қалаға кіре алмай қайтып кетті, ұлы мәртебелім! –Неге? –Қаланың көшелері түгел қазылып тасталғандықтан олардың күймелері жүре алмады. Олар үйлеріне барып, ұшқыш кілемдеріне мініп келуге кетті. –Ах, оңбағандар! Бәрін түрмеге жабу керек, түрмеге!.. –Қонақтарды ма? –Ақымақ! Сендерді! Жаушы тағы да ентіге басып жүгіріп кірді. –Қырсық, ұлы мәртебелім! Тағы бір қырсыққа тап болдық, айтуға аузым бармай тұр! –деді ол тізерлеп отыра кетіп. –Аузың бармаса да айт, ол неғылған

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36