қырсық? –Барахолкадағы киім екі есе арзандап кетіпті, ұлы мәртебелім! –Неге? –Айттым ғой, қырсық деп! Арақ- шарап өте аз болғалы тұр. –Онда көршілеерден сұраңдар! –Сұрай- сұрай оларды әбден мезі қылдық, ұлы мәртебелім! Енді оларға қарайтын бет жоқ. –Онда, қонақтарға тамақ пен арақ- шарапты аз ішкізудің жолын табу керек. Ондай жолды кім біледі? Ешкім үндемеді. Жындар мен шайтандар бір- біріне қарасып ұйлығып тұрып қалды. Шетте тұрған Ермек: «мен білем!» деп алға шықты. Бәрі бұған дүрліге қарады. –Есітуімше, ұлы мәртебелі тақсыр, –деді ол патшаның алдына кеп, –сіздің жиен ініңізді баяғыда Алдар көсе бір ай есек қып мінген екен. Сол жиеніңіз ортаға шықсын да, Алдардан үйренген әнін орындап берсін. Ән салып, ән тыңдаған жұрт арақты аз ішеді. –Ол не? –Ол қандай ән? –Патшаның жиенін табыңдар! –деген дауыстар жалпы у- шудың арасынан оқшау естіле бастады. Ортаға екі мүйізі бар, көзі алақ-жұлақ еткен Әңгүдік шықты. –Баяғыда бәрімізді адамдардың алдында масқара қылған шайтанға шетелдік қонақтар алдында ән айтқызуға қарсымын! –деп айғайлады Тсара тағы да осы елдің қамын ойлаған боп көрінуге тырысып. –Бізді жағдай мәжбүр етіп отыр, құрметті Тсара! Қонақтарға тамақ пен шарапты аз ішкізудің жолын тапсақ болды емес пе? –деді көмекші. Қызып келе жатқан дауды патша бөліп жіберді. –Ол қандай ән? Оны қалай үйреніп едің? –деді ол жиеніне қарап. –Жастық кезде жасаған бір білместігім еді, мына шайтандар соны әлі күнге шейін сөз қып қояр емес, –деп былдырлады Әңгүдік. –Алдар екеуміздің ұзақ сапарға шыққанымыз рас еді. Жаяу жүріп әбден шаршаған соң мен тұрып: «Алдар! Бүйтіп жаяу жүріп екеуміз де бірдей шаршағанша кезек кезек шаршайыық» дедім. «Қалай?» деді ол. «Екеуміз бір-бірімізге мінейік те ән айтайық. Кімнің әні ұзақ болса сол ұзақ мінеді» дедім. Ол келісті. Бірақ, бірінші кім кімге мінеді деп ұзақ оландық та, кімнің жасы үлкен болса сол мінсін деп шештік. Сөйтіп, жас сұраса бастадық. Мен туған кезімді айттым. «Мен туғанда аспан алақандай, жер тоқымдай еді. Менің туған күнімде үлкен той бопты» дедім. Сөйтіп ем, Алдар көсе ал кеп жыласын, ал кеп жыласын. «Бауырымай, бауырым ай » деп екі бүйірін таянып алып қояр емес. «Не болды?» деп сұрап ем: «ойбай, сол тойда менің кенже балам көкпар шауып жүріп аттан құлап қайтыс болып еді, сен сол баламды есіме салдың» деп тағы жылағаны. Әрең қойдырдым. Сөйтіп, ол бірінші мінді. Мінді де өлең бастады. «Әлаулай лай» деген өлең: «Әлеулай лай» деп айтып келеді, айтып келеді, айтып келеді. Бітер емес. Әбден шаршадым. Сонан соң: «Ей Алдар, сенің «әләуләйләйің» біте ме өзі?» дедім. «Ойбай, бұл өте ұзақ өлең. Егер «әләуләйім» бітсе «әриайдайым» тағы
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36