әлгі аталғандардың бәрі түптеп келгенде құс боп шығатынын дәлелдеп бере білсең де ол кісіні бәрібір жауаптан тоса алмайсың. Ондай жағдайда ол ащы шындыққа бір емес, бір екі табан жақындап дауысын көтере түседі де: –Адам қолында не бар, соны жейді! Шошқасы бар, шошқа, сиыры бар сиыр, қойы бар қой жейді. Қоймашы картоп жейді, капуста жейді, арқан мен темірді де жейді. Ал біз тауық жейміз. Әр күн сайын кем дегенде он тауық өледі , соның өлгелі жатқанын сойып алмағанда мен олардың әрқайсысына операция жасап аман алып қалмақпын ба? Ондай өнер менде жоқ, мен хирург емеспін, тәуіпшілігім де жоқ! Жұмыс ітемей түске шейін жататын адам алдына не қойса соны жеу керек!» деп әрі-беріден соң өзіңе шабуыл жасап, аузыңды ашырмай тастайды. Тауық қора жақта жұмыртқа жинап жүрген анасының айғайы естілді, –Әй, Ермек, қазанда жабайы жуа қосып қуырған балапан бар, соны же! –Көрдім,– деді Ермек немқұрайды үнмен. Ол бұл дауысының мамасына жетпейтінін білсе де айғайлауға зауқы соқпады. Сонан соң ол сарай маңында түрған ағаш бөшкедегі суға қолын тықты. Түнгі салқыннан ол мұп мұздай боп тұр екен. Анасы тауық қораға кіріп кеткен кезде ол бөшкедегі суға гүмп ете түсті. –Әй, Ермек! Ермек-жан, қайда кеттің? –деп айғайлады мамасы. –Сен неге тамағыңды ішпегенсің? Ермек демін ішіне тартып қимылсыз отыр. Бөшкеден басы көрінбеуі үшін тізесін бүгіп еңкейе түскенмен ернеуден сарылдап аққан су оның қайда отырғанын бар әлемге әйгілеп тұрған еді. Анасының айғайы күшейе түсті. –Қап мына бұзықты-ай, ә! Әй, тұр бөшкеден! Суды былғадың, түске жақын тауықтарды суарамыз ғой! «Тауық, тауық! Бұлардың тауықтан басқа сөзі жоқ, –деді ол күбірлеп. ––Азаннан кешке дейін тауықтан басқа ойлайтындары болмайды. Ал, каникулда менің үйде қамалып отырғаныммен олардың ісі де жоқ. «Су былғанады!» Ал былғансын! Тауық жеркенетіндей мен соншалықты лас болыппын ба? Олар бұдан да өткен көң қоқыстарды шоқып жүрген жоқ па? Оған тағы бір ой келді. «Ол ғой менің бөшкеде отырғанымды көрді, ал бөшкенің ішінде су тола екенін жақсы біледі, ол қарап тұрған кезде мен сол суға тұншығып жатуым мүмкін ғой, әбден мүмкін! Бөшкенің ішінде менің отырғанымды біліп тұрып жүгіріп келудің орнына « суды былғайсың» деуі қалай? Олардың маған жаны ашымайды. Бұларға менен гөрі тауық қымбат. Құстың арасында жүріп өздері де құс боп кеткен. Егер мен өле қалсам ше? Олар мені ойлап жылар ма екен, жыламас па екен? Әй, қайдам…» Ол өз ойынан өзі қорланып, қараптан қарап отырып жылағысы келді. Анасы жүгіріп кеп оны бөшкеден суырып алды да, оны негізгі нәрсе бойынша кінәлі деп тапты. Бірінші –тамақ ішпегендігі үшін, екінші –суды төккендігі үшін, үшінші
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36