бар деп, «әриайдай, әриайдай» деп әндете жөнелгені. Сөйтіп ол мені бір ай мінді. Жұрт қыран күлкіге басып, ішектері қатқанша селкілдеді. –Керек болса мен сол әндерімді айтып берейін, –деді Әңгүдік ыржалақтай күліп. –Табылған ақыл! –деді көмекші. –Айтшы қане! –Сіз ол әндерді білесіз бе? –деді Мугара Ермектен. –Ол ән емес, шайтанды ұзақ міну үшін Алдардың ойлап тапқан айласы ғой. Сол алданған Шайтанмен кездесемін, ол шайтан сіздің алыс туысыңыз боп шығады деп кім ойлаған! –Ал, мен болсам бізді алғаш алдаған елдің адамымен кездесем деп ешқашан ойлаған жоқ едім! Бұл сөздеріне екеуі де мәз боп рахаттана күлді. Аспаннан дүрілдеген дауыс естілді. Дауыс естілісімен жаушының да жұртты тәртіпке шақырған айғайы қоса шықты. –Жарандар! Алаңды босатыңдар! Қонақтар келе бастады. Үйді -үйлеріңе кіріңдер! Бол! Тез! –Жүріңіз, менің бөлмеме барып отырайық. Сіз мені математикаға үйретесіз, ал мен сиқыр жасауға үйретемін, деді –Мугара Ермекке. –Сіз де сиқыр жасай аласыз ба? –Әрине. Бізге көзімізді аша салып сиқырлықты үйретеді. –Қызық екен! Жүріңіз! Мугараның бөлмесі. Ермектің күнде көріп жүрген класына ұқсас екен. Мұнда неше түрлі аңдардың терісі, сиқыр жасайтын құмыралар мен көзелер, әртүрлі маскаалар көп жиналыпты. Ермек оларды таң тамаша қалып көріп шықты. Әсіресе, маскалар мен бос тұрған құмыралар оның көңіліне ерекше әсер етті. –Міне, бұл менің шеберлік бөлмем. Жеке бөлме алғаныма үш жыл болды. Осы бөлмеде он жыл сиқырлық сырын меңгеруім керек. –Сонан соң? –Сонан соң маған «мыстан» деген куәлік беріледі. Мыстан болу үшін мен жер бетіндегі жанды жансыз бейненің үш жүзге жуық түріне айнала алатын болуым керек. Ал қазір бес- алты- ақ түріне айнала алам. –Бес-алты түріне? Қазірдің өзінде ме? –Иә. Үлкендердің айтуынша, –ол жан-жағына ұрлана қарап, сыбырлай сөйледі, –біз ең кедей патшалық екенбіз. Бір кезде керемет бай боппыз. Қазір бәрінен айрылып қалғанбыз. Жұрт ол үшін менің әкемді кінәлайды. Әйтпесе, менің шеберханам бұдан әлдеқайда кең, оқытушыыларым әлдеқайда көп болуы керек екен. –Ол байлықтарыңыз қайда? –Кешеден бері байқап отырған шығарсыз. Әкем мың жылдан асты, таққа отырғанын күнде тойлауда. Бүйте берсе, ол бір күні менің өзімді де сатуы мүмкін. Бұдан бұрын екі әпкемді де жастай сатып жіберген. –Мугара дәл бүгін аттанғалы отырғандай жыламсырай сөйледі. –Қой, жылама… Бұл жолы олай ете қоймас. –Қараңыз, ұшқыш кілемдерімен қонақтар келе бастады. Әне, әкем оларды қарсы алуға шықты, –деді Мугара бірден сергіп. –Сандра-мандра елінің патшасы, –деп айғайлап таныстырып жатыр көмекші. –Апай-Топай жұбайымен. –Тюльтан олармен құшақтасып көрісті. –Саримори елінің сыртқы істер министрі! Арсын- Күрсін жұбайымен. –Тюльтан олармен де амандасты. –Қозған -Тозған елінің ішкі істер министрі Мұқалаш- Сұқалаш жұбайларымен. –Және басқа да ресми адамдар! Адамдар алаңға сыймай барады. Қонақтармен
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36