ЕРТЕГІ ЕЛІНДЕ

танысу рәсімі біткен соң Тюльтан патша сөз алды. –Менің таққа отырғаныма үш жүз алпыс бес мың бір жүз қырық бес күн толған мерекеге келген шетелдік қонақтарға шексіз ризамын, –деді ол қағаздан бас алмай. –Мырзалар, қане, сіздерді той дастарқанына шақырамын! Бәрі гулесіп ұзын столға жайғаса бастады. –Тюльтан патшаның жұбайы, яғни, сіздің мамаңыз қайда? –деді Ермек Мугараға қарап. Бұл сұрақтан Мугараның қабағы түйіліп кетті. Сонда да болса қинала сөйлеп: –Апам, бір күн түнде жоқ боп шықты, –деді ол мұңайып. Тсараның айтуынша, әкем той-тойлаудан қолы тимейтін болған соң ол кісі үйден кетіп қалған көрінеді. Тсара айтады, ол басқа күйеуге тиіп кетті дейді. Сонда оның мені ойламағаны ма? Ол мені өте жақсы көруші еді ғой… Енді әкем Тсараға үйленетін шығар… –Ал, сіз не істейсіз? –Білмеймін… –Бәлкім, менімен бірге кетерсіз. Мугара жаңа танысына ұзақ қарап тұрды да, басын шайқады. –Болмайды! –Неге? Сендер адамсыңдар, ал біздер шайтанбыз, мыстандармыз, деді Мугара «сенге» көшкенін байқамай. –Онда тұрған не бар? –Мен барсам кім боп барам? Ешкімді танымаймын. Сен батырсың, күні бойы соғысқа кететін шығарсың… Ал, мен жалғыз қаламын. Ермек қыз алдында шындықты мойындап: –Мыстан апа өтірік айтты. Мен батыр емеспін, мен бар болғаны бесінші класс оқушысымын, –деді оның жүзіне тура қарамауға тырысып, Мугара күлкісін тия қойды. –Солай ма? Ол кісі көбінесе бізді де алдап жүреді. Ой мыста- а- ан! –Сонымен, менімен бірге кетуге қалайсың? Ол тағы басын шайқады. –Ол жақта саған ешкім тимейтін болады. Екеуміз күні бойы тауық, үйрек қаз бағамыз. Кітаптар оқимыз, есеп шығарамыз, билейміз. Мектепте дискотека болады… Келістік пе? Мугара тағы да басын шайқады. –Ех, сен босқа қорқып тұрсың. Біздің балалар мынадай! –Ол бас бармағын шошайтып қойды. –Мен қорықпаймын. Мен мыстанмын ғой. Керек десең сиқырлы жүзігім тағы бар. Міне! Сипап қалсам нөкерлерім шыға келеді. –Рас па? –Әрине. –Қазір жасай аласың ба? –Жасай алам. Бірақ, әзірге нөкерлерім аз, және олардың орындау қабілеті де нашарлау. Енді төрт бес жылдан соң олар қуатты күшке айналады. –Қалай? –Ол да біздің патшалықтың күш қуатына байланысты. Неғұрлым бай болсақ, солғұрлым жүзікке жасыратын құлдарымыздың да қуаты мол болады. Біз оларға өте көп төлейміз. –Кімге? –Олардың иелеріне. Бай патшалық өздерінің басы артық қызметшілерін бассқаларға сатады. Ал бізде қазір ақша жоқ. Бәрі де аақшаға байланысты. –Қазір жүзікті бір сипашы. –Бостан босқа сипауға болмайды. Бір тапсырма айтпасаң келесі жолы шықпай қояды. –Мен айтайын. –Айт. Бірақ, қиын болмасын. –Мәселен, біздің қалада көшпелі зоопарк бар. Соны алдыра аламыз ба? Мугара ойланып тұрды да: «Көрейік», –деп жауап қатты. Ол саусағындағы жүзіктің қабын сыпырып, оны сипап қалды. Үй ішінде қап қара

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36