қою түтін пайда болып, дәу бір қара құл олардың қарсы алдына кеп қол қусырып тұра қалғнда Ермектің зәресі кетті. –Не бұйырасыз, әміршім?–деді қара құл. Мугара Ермекке қарап: «Зоопарк тұрған жердің адресін айт» –деді. Ермек өзінің келген жерін түп- түгел айтып берді. Қазақ ССР- і, Шымкент облысы, Арыс қаласы. –Есіттің ғой, –деді Мугара қара құлға қарап. –Есіттім, тақсыр! –Есітсең, сол жерде көшпелі зоопарк жүр екен. Соларды түп түгел осында алып кел. –Адамдарының керегі жоқ! –деп қосып қойды Ермек. Мугара да оның сөзінн қайталап. «Адамдарының керегі жоқ», –деп бұйырды. –Құп болады! Қара түтін бұрқ етіп, қара дәу жоқ болды. –Міне, керемет! Ал, сендер… кедейміз, кедейміз дейсіңдер, жүзіктеріңді бір сипап, дүниенің бар байлығын жинап алмайсыңдар ма? –Болады. Бірақ, орталықтан тексеру келгенде ел тонап тапқан байлық үшін патшамыздың басынан сипамайды. Екі рет кешіреді, үшінші рет оның басын қағып алады. Қазір… әкем екі мәрте солай дүние жинады. Үшінші рет жасаса бітті, өлім жазасына кесіледі. –Міне ғажап! Міне гәп қайда? Ал, орнына кімді қояды? –Оны жұрт айтады. Осы кезде тағы да қара түтін пайда болып, темір тордағы аңдар бірінен соң бірі жоғарыдан салбырап түсе бастады. Көзді ашып жұмғанша Ермек аңсап жүрген зоопарк түгел көшіп келді. –Жұмысшыларым аз, әрең әкелдік, –деді Қарағұл маңдай терін сүртіп. –Қазір тез шаршайтын боппын. Қашан демалысқа шығып, бостандық алар екенмін! –Бір екі жыл шыдай тұр, сонан соң бостандық берем! Ал, жақсылап көріп ал, –деді ол Ермекке. Ермек мынадай құдіретке таңданып, сөз таппай қалды. –Мәссаға -ан! Расымен зоопарк! Ғажап! Ғажап! –дей берді ол алдынан өтіп жатқан әр түрлі аңдарға қызыға қарап. –Біздің уақытымыз аз. Әкем білсе ұрысады, –деп ескертті Мугара. –Болды. Жүзіктің кереметіне көзім жетті. Енді қайтара бер, –деді сәлден соң Ермек Мугараға зияным тиіп кетер деген оймен. Мугара Қарақұлға: –Зоопаркті орнына апарып тастаңдар да демала беріңдер, деп әмір етті. –Құп болады! Зоопарк те, Қарақұл да көзден ғайып болды. Екеуі оңаша қалған соң Ермек: –Мугара! Егер орынсыз болса кешір… Бүгін сенің әкең қарамағындағылардың киімін сатып той жасап жатыр. Ертең не істемек? –деп сыр тартты. –Білмеймін… деп жауап қатты қыз. Мен әкемнен қорқам, әрі оған жаным да ашиды. –Мугара! Мугара! Сен қайда кетіп қалдың? Ау, Мугара! –деген мыстанның дауысы естілді. –Мен мұндамын! –деп айғайлады Мугара. –Тез мұнда кел, сені әкең іздеп жатыр. Ермек қайда? –Ол да осында! Мыстан кемпір олардың қасына келді. –Екеуің күні бойы оңаша отырдыңдар ма? –деді ол таңырқап. –Несі бар? Бірге болдық. –Байқа! Бұл адамдардың жүректі арбап алатын бәлесі бар, –деді ол өткенді еске алып. –Байқа! –Ермек маған өте ұнайды. Оның
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36