ЕРТЕГІ ЕЛІНДЕ

–Ал, кол… коллега! Сенің қызың бізге өте ұнап қалды. Сен бізге оны сат. Ақшасын қазір, қолма қол беріп кетем! –деді ол ықылық ата сөйлеп. Тюльтан масаң күйде ойланып қалды. –Келіссең осы ақшаның бәрін қазір беріп кетем, –деп ол ақшаны қобыратып столға тастады. Тюльтан жауаптан тосылып, бұрқыраған ақшаға қарап отырып қалды. Көп ақшаны көрген Тсараның көзі оттай жанып шыға келді. –Беру керек. Жақында ана бетбақ әйелің келіп бәрібір ол қызды алып кетеді, –деді ол ызаланып. –Тегін кеткенше өткеніне сатып жіберген жақсы емес пе? Сатып алушылар айнып қалмай тұрғанда тез келісу керек. –Сен… дұ-дұрыыс айтасың, Тсара,– деді Тюльтан. –Мен сені сыйлаймын! Сондықтан… келістім!.. Тсара істі жеделдетіп жіберді. –Ұлы патша Мугараны сатуға келісті, –деді ол Тхан патшасына. –Тек, сіз айтқан оң ғана келісті! –Менің ұсынысым ешқашан жерде қалған емес, –деп шіренді Тхан патшасы. Сөйтті де Тюльтанға қолын созып: –Бар береке, әкел алақанды! –деді. Екеуі шарт та шұрт қол алысып пәтуаға келді. Тханның әйелі: «Әп, бәлем! Әкесінің маскүнем болғаны мұндай жақсы болар ма! Енді ол қызды апарып кемпірі өлген сасық бай Дымсызбасқа үш бағасына сатамыз. Тойға келе салғанымыз қандай жақсы болған!..» деп өзінше жоспар құрып, сол жоспарды ойлап тапқаны үшін күййеуінің алдында мақтана бастады. Ыңылдап «Қазақ вальсінен» есінде қалғандарын айтуға да кірісті. Күйеуі адамзат әнін айтуға тыйым салып еді, ол: «Кімнің әні болса да маған бәрібір, тек ақша түссе болды!» деп ол өршелене ыңылдады. Мугара жүгіріп Ермектің жанына келді. Ол ебіл дебіл боп жылап жүр. –Айттым ғой… ол мені сатады деп… ол аямайды, –деді жібек оюлы орамалмен жасын сүртіп. –Біздің патшалықта жанашу, аяу деген болған емес. –Рас па? –Рас. Әне, әне бір сақалды сайтанмен менің әкем қол алысып келісті. Олар мені ол жақққа барған соң үш есе қымбатқа бір кәрі сайтанға сатпақшы!.. Жаңа естідім… Ой, менің ол жаққа барғым келмейді! –Енді не істедік, а? Бәлкім, оның ақшасын қайтарып берерміз. –Ондай ақша бізде жоқ. –Егер мен әке- шешеме барсам. Бүкіл тауықтары мен үйрек- қаздарын айдап әкеп берсем ше? –Жоқ, болмайды. Олар ерегіссе сендердің де, біздің де патшалықтарымызды тас- талқан етеді. Соғыстың керегі жоқ. Мен үшін қырғын болмай ақ қойсын. Басы қисайып Мыстан кемпір келді. –Жылама, ертең байыған кезде сені қайта сатып аламыз, –деді ол Мугараны жұбатып. –Оған дейін олар мені қорлайды ғой. –Амал бар ма, қыз сорлының көретін күні сол, –деп ол да кәрі көзіне жас алды. –Мені де елу бес жасымда әкем қалың малға сатып жіберген. Бірақ, өзім қашыып құтылғам. Содан бері әке- шешемнің бетін көрмей кеттім. Қазір олардың қайда екенін де білмеймін. Өлі

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36