ЕРТЕГІ ЕЛІНДЕ

ме, тірі ме?… қанша шайтан болса да өлген шығар- ау, бейшаралар!.. –Сонда, патшаларыңыз осылай өле- өлгенше тойлай бере ме? –Иә.Кешегі газетке оның «Тойлаймын, өйткені қызыққа тоймаймын» деген интервьюі шықты. –Бұл ашықтан-ашық елді құрту ғой. –Иә, солай. –Одан неге құтылмайсыздар? –Ойбай , жап аузыңды! –деді Мыстанның зәресі ұшып. –Оның тыңшылары көрінбей ұшып жүреді. –Ал, бірақ оның құрығанын тілейсіздер ғой? Дауыстап жауап беруге қорқып, олар бастарын ғана изеді. –Жасасын ұлылардың ұлысы, данышпандардың данышпаны Тюльтан -99! «Ура!» жолдастар! –деп тост көтерді Тсара. Бұл қолпаштау өзге патшалардың намысын шағып алды. Шарапқа шалқып, кеуделеріне нан пісіп отырған қонақтар наразылық білдіре бастады. –Ол неге біз отырғанда ұлылардың ұлысы болады? Ол неге данышпандардың данышпаны болады? –деді Қозған- Тозған елінің патшасы көзін ежірейтіп. –Біз осы патшамызды осылай дәріптейміз, құрметті қонақтар!– деді Тсара Тюльтанның қолын сүйіп. –Оны қалай дәріптесеңдер солай дәріптеңдер, бірақ біз жоқта айтыңдар, –деп теріс айналды Сандра патшасы ренжіп. –Кім ол ұлылардың ұлысы? –деп даурықты әңгіменің не туралы екенін түсінген Саримори патшасы. –Мен тұрғанда ешкім де ұлы бола алмайды! Данышпандардың данышпаны мына тұрған мен! –Иә, осы! Менің күйеуім дұрыс айтады! –деп қосарланды оның жұбайы –Оттапсыңдар! Ұлылардың ұлысы –менмін! –деп кеудесін қақты Сандра патшасы. –Иә, осы! Менің күйеуім өте дұрыс айтады ! –деп оны да әйелі қостай жөнелді. –Бәрің де далбасалапсыңдар! «Тхан патшасы –ұлылардың ұлысы» деген кітап бізде кеше ғана шықты, міне!–деп ол қалың кітапті көрсетті.–Яғни, мен тұрғанда ешкім ұлы бола алмайды. Болыңдар, бірақ, «Тхан патшасынан кейінгі ұлы» деп айтыңдар! –Иә, сөйтіңдер! Оған рұқсат! – деді оның жұбайы айғай-шуды баса дауыстап. Олар ұлылыққа таласып, сол жерде бықпырт болды. Бір біріне шарап шашып, құйрық, мүйіздерінен тартып, ыдыс-аяқтарды бір-біріне лақтырып, той топалаңға айналды да кетті. Тюльтан патша болса қаннен-қаперсіз өз тағында пырылдап ұйқыға кетіп еді. Соққы тиіп Тсара да оның қасына барып құлады. –Мугара! Мугара! Кеттік!–деп айғайлады Тхан патшасы. Ол әйелі екеуі ұшқыш кілеміне асығыс міне бастады. –Мен… мен сіздермен бірге кетпеймін!.. –деп қарсыласты Мугара. –Менің ол жаққа барғым келмейді. –Біз ақшаңды төлеп қойдық, қалай бармайсың! Бол, тез!–деп Тхан патшасының әйелі Мугараның қолынан ұстап, кілемге қарай сүйрелей жөнелді. –Жоқ! Жоқ! Мен әкемнің сатқанына көнбеймін! Көнбеймін! –Мугара болса зар илеп келеді. Мынадай әділетсіздіккке төзе алмаған Ермек: –Сіздер неге жат елде жүріп басынасыздар! Босатыңыздар қызды! – деді ертегідегі батырларша олардың алдын кес-кестеп. –Ей, сен кім едің сонша?–деді Тхан патшасы оған менсінбей қарап. –Мен – Адаммын! –Адам болсаң қайтейін, бола бер! Бірақ бізде шаруаң болмасын, өзіңнің адамдық жолыңды біл! –Жұмыр жердің қожасы – Адам! Сондықтан біздің барлық әділетсіздікке араласуға хақымыз бар. Қызды босатыңыздар!

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36