ЕРТЕГІ ЕЛІНДЕ

Тхан патшасының әйелі суырылып шығып: –Біз ақшасын төлеп қойғамыз! – деп Ермекті жолдан ысырды. –Ал егер ақшасын қайтарсақ ше? –Үш есе ғып қайтарыңдар, –деді әйел қасақана қол жетпес бағаны айтып. –Келістік! –деді Ермек нық сөйлеп. – Шарттарыңызды орындауға әзірміз! –Онда біз де қарсы емеспіз? – деп жауап қатты аяр әйел. –Мугара, жүзігіңді берші! – деді Ермек ентігіп. –Сен Қарақұлды шақырғалы тұрсың ба? Ол болмайды. –Неге? –Жынға жын қол көтермейді. –Сонда да бере тұршы. Мен оны өз туыстарына жұмсаймын. Мугара оған жүзігін берді. Ермек оны сыйпап қалғанда баяғы Қарағұл жетіп келді. –Не бұйырасыз, тақсыр? –Ей, тамыр, – деді Ермек ежелгі досымен сөйлескендей. –Ештеңеде бұйырмаймын, бір қиын жағдай болып тұр. Көмектесші а? –Ол не жағдай? –Ақша тауып берші. Қарызға. –Қанша? Ермек Мугараға қарап «қанша» дегендей иек қақты. –Білмеймін,– деп күмілжіді Мугара. –Сендер қанша беріп едіңдер! – деді Ермек Тхан патшасына қарап. –Жүз елу мың дзина, – деп әйелі күйеуінің алдын орай жауап берді. Ермек жүгіріп кеп Тсараның мойнындағы дорбаны жұлып алды. Ішіндегі ақшасын тас тақтаға төгіп жіберіп санай бастады. Оның ақшаны тез-тез санағанына Тхан патшасы мен әйелі қайран қала қарап тұрды. –Мұнда небары 90 мың дзина, –деді ол екеуіне кезек қарап. –Біз ештеңе де білмейміз. Жүз елу мың бердік пе, бердік. Үш есе ғып қайтарыңдар. Әйтпесе Мугараны алып кетеміз, –деді аяр әйел үндеме дегендей күйеуін түртіп қойып. –Ах, оңбаған Тсара! Сол екі арада алпыс мыңды жымқырып үлгірген екенсің ғой! Тым болмаса мен сыйлық ақшамды да ала алмай қалдым! – деп бір бүйірден Мыстан кемпір байбалам салды. –Қапаланбаңыз әже, аласыз, – деп Мугара оны жұбатқан болды. –Жо-оқ, жай айтқаным ғой. Сол ақшаның маған керегі де жоқ. Сені құтқаруға қосқан үлесім болсын. Ай, сұрқия Тсара! Тюльтанды маскүнем қылған сен! Сен! –Қалай, үш жүз алпыс мың дзина тауып бере аласың ба? Қарағұл ойланып тұрып қалды. –Балам ұшқыш кілем сатып алам деп жүрген ақша бар еді. Жарайды, соны бере тұрайын, – деді ол дорбасынан бір буда ақша алып. –Рахмет! Кілемнің кезегі келгенше тауып береміз, солай ма мыстан апа? –Әрине, әрине! Тірі жанбыз ғой, бір бәле ғып тауып берерміз, – деп Мыстан да қуанғанынан қалбалақтап қалды. Ермек бір дорба алтын ақшаны әлгі екеуінің алдына қоя салды. –Міне, ақшаларыңыз, алыңыздар да тайып тұрыңыздар! –деді ол енді еркін сөйлеп. –Иә, тайып тұрыңдар! Бол! – деп гүж ете қалды Қарақұл да. Олар ақшаны алып тайып тұрды. Ермек, Мугара, мыстан кемпір үшеуі қуаныштан көздеріне жас алып, бірін-бірі көптен көрмегендей құшақтаса кетті. –Олар қайтадан көп дауласып жүрер, сендер басқа жерге барып жасырына

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36