ЕРТЕГІ ЕЛІНДЕ

қара түтін бұрқ етіп, Дию жетіп келді де бір қап алтын ақшаны Тсараның алдына тастай салды. –Енді бір қабы қайда! – деді Тсара ақырып. –Осының өзін әрең таптым, тақсыр! –Өзің жымқырмасаң болғаны. –Мен бала-шағамды арам ақшамен асырамаймын. –Онда өзің біл. Ал, мына алтын ақшаларды Қырым жағалауындағы Аю-Даг тауының бауырына апарып таста. Білесің ғой. –Білем. Бұрын екі рет алтын апарған жерім ғой. –Ендеше тез бұйрықты орында! Дию ұйықтап жатқан Тюльтанға қарап: –Қожайынның өзі неге бұйырмайды, – деп сұрады. –Әй, білесің ғой оны, –деді Тсара қолын сілтеп. –Мас… –Жап-жақсы патша еді, босқа ішіп кетті, байғұс! –деді Дию жанашыр үнмен. Сөйтті де көзден ғайып болды. Оның артынша Тсара да шыға жөнелді. Тас сарай ішінде найзағай жарқ-жұрқ ете қалды. Найзағай үні басылған соң селебесі жер сызған ұзын бойлы періште пайда болды да, тақта ұйықтап жатқан Тюльтанды қылышымен түртіп оятты. –Ей, Тюльтан! Тұр, басыңды көтер! – деді Періште. Тюльтан қозғалар болмаған соң ол дауысын қатайтып; –Ей, тұр деймін саған! – деді екінші рет түртіп. Тюльтан ұйқылы-ояу халде әлдене деп сандырақтай бастады. –Тсара! Тсара! Сен қайда жүрсің, Тсара! –Басыңды көтеріп, есіңді жый! Келіп тұрған қылышты періште!– деген кезде Тюльтанға бұл сөз бірден әсер етіп, ол есін жиып алды. Өзіне төніп тұрған қылышты Періштені көріп, оның екі көзі шарасынан шықты. –Сен… сен… неге? Қайдан! Мен не істедім?.. –деді ол бойын билеген үрейден қалш-қалш етіп. –Не істегеніңді өзің білесің, – деді Періште қылышын қынабынан суырып жатып. Қылышты көріп Тюльтан жалбарына сөйледі. –Менің жазығым жоқ! Өлтіре көрме! Жазығым жоқ! Бір түсінбеушілік болған ғой. Мен екі рет қана ел тонағам, үшінші рет тонаған жоқпын. –Тонадың. Қазір ғана! Тюльтан жанталасып омырауын сипалады. Мойнында алқаның жоқ екенін көріп, сылқ етіп отыра кетті. –Ой, оңбаған Тсара! Жауыз Тсара! Сен екенсің ғой ел тонатқан! Тсара! Тсара! Қанша айғайлағанмен оған ешкім жауап бермеді. –Менің жазығым жоқ! Ел тонаған мен емес! Көріп отырсың ғой, уәзірім Тсара қашып кетіпті. Аяй гөр, аяй гөр мені! –Онда менің шаруам жоқ. Заңның аты заң. Оны ешқашан бұзбайтынымызды білесің. Әкел мойныңды! –Оны қайтесің? –Түсінікті емес пе? Шабамын. –Жоқ! Жоқ! Бермеймін мойнымды! Бермеймін! –деп ол шегіне берді, бірақ, одан бір елі қалмай Періште жылжи берді. –Бір жолға кешірші. Мен… байқамай… Ұйықтап қалған кезімде… Енді ұйықтамаймын. Енді ішпеймін де… деп Тюльтан оның тізесін құшақтады. –Енді арақтың маңайына жүрсем құдай ұрсын! –Мұның бәрін бұдан мың жыл бұрын жасауың керек еді. Енді кеш. Саған кешірім жоқ! Ол селебесін сілтеп қалды. Тюльтан гүрс етіп құлап түсті. Найзағай жарқ-жұрқ етті де қылышты Періште ғайып болды. Тас сарайдың

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36