ЕРТЕГІ ЕЛІНДЕ

ығы-жығы боп жататын шағын алаңы ел көшіп кеткендей жым-жырт. Масаң патша да, мүйізді жендеттер мен жалаңдаған жаушылар да көрінбейді. Сарай тылсым тыныштық құшағына бөленген. Көп қуыстың бірінен тез-тез басып, жіті қимылдап жүрген Тсараның тұлғасы көрініп қалады. Ол талайдан бергі арманы – адамдармен алғаш қарым-қатынас жасаған бұл патшалықты біржола жою мақсатына кіріскен. Елдің берекесі кетіп, бас көтерер азаматтары тозып біткенде ол өзінің ұлы сиқырын іске қосып, мұндағылардың бәрін құмыраға тығып бітіп те қалды. Әне, ол патшалықтағы құмыраның бәрін жинап, қатар-қатар қойып шықты. Сонан соң тағы да күбірлеп дұға оқи бастады. Оның бұл әрекетін көріп қалған мыстан кемпір жетіп келіп: –Тсара! Сен қандай жауыздық жасап жатырсың? –деді шошына айғайлап. –Менің ісіме араласпа, кәрі мыстан! –деді Тсараның көзі қанталап. –Сенің жауыз екеніңді баяғыдан біліп едім. Сен жай қайыршы боп келіп, Тюльтанға жағынып алдың да, оны азғындық жолына түсірдің. Мугараның шешесі үшті-күйлі жоқ боп кетуі де сенен келген бәле екенін сезгем. –Сезсең қателеспепсің. Енді маған кедергі жасама! –Тсара! Бұл сұмдығыңды тоқтат! Мынауың барып тұрған жауыздық қой. Бұдан өткен сұмдық бола қоймас! –Біздің қас жауымыз – адамдармен тату тұрмақ болған жын-шайтандардың орны құмыра! Мен олардың бәрін құмыраға тығамын да, аузын жауып, жартастың астында мәңгілік қалдырам. Оларға ең лайықты жаза осы! –Лағнет атсын сені, Тсара! Сен ең барып тұрған қара жүрексің. Сені найзағай атсын! Құдайдың қаһары атсын. –Ей, мыстан! Қақсауыңды қоймасаң сені де бір құмыраға тығамын!–деді Тсара оны қорқытып. –Сенің маған сиқырың жүрмейді. Мен сенен екі мың жыл үлкенмін. Әйтпесе, сен мені алғашқылардың бірі етіп құртар едің ғой. –Онда басқа жаза аласың! Мә, ендеше! Тсара екі қолын кемпірге қарай созып, «көзге көрінбес құлдарым мен күңдерім, сендерге үлкен емес ұсақ жұмыс тапсырдым, алдымда тұрған кәрі мыстанды Тюльтанның тағына байлап тастаңдар. Суф-ф-ф! – деді екі алақанына дем салып. Көзді ашып-жұмғанша Мыстан кемпір таққа байланып қатты да қалды. Тсара ішек-сілесі қата қарқылдай күлді. –Менің бұл жақсылығымды ұмытпассың, құмыраға тықпай саған жеңіл жаза бердім. Мың жыл, екі мың жыл, он мың жыл! Осылайша қатып-семіп, қанша қаласаң сонша тұра бер! Енді сен мәңгіліксің!. –Ол кемпірдің тас алқасынан қағып-қағып қойды. Тсара екі қолын тағы да алға жайып дұға оқи бастады. «Барша әлемнің аса құзырлы падишасы, адалдық пен аяушылық дегеннің ең қас жауы, дүниедегі жын-шайтандар мен әжинелердің әміршісінің атынан дұға қылып, бұл патшалықтың барлық жын-шайтандарын осында жинауға бұйырамын!» Тас сарай іші ғажайып бір түрге бөленіп, қызыл жартастардан от шашырады. Адам түгілі жын-шайтандардың өзі ұғып болмайтын айғай-шу, азынаған жел, ысқырған боран секілді тылсым дыбыстар құлақ тұндыра бастады. Жын-шайтандар арбалған қояндай еріктерінен айрылып, Тсараны қоршай

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36