–қалған сулы былғағандығы үшін, төртінші –суық суға түскендіктен оны ауырып қала ма деп өзінің екі- үш күн бойы уайыым қылатындығы үшін. Осы төрт кінәсі үшін бала анасынан қанша «сыбаға» алу керек болса соның бәрін түгел «алған» Ермек май құйрықтан тиетін «шапалақ» «процедурасы» біткен кезде көз жасына ерік беріп үй сыртындағы жыраға қарай жүгіре жөнелді. Жүгіріп келе жатып ол анасының «қайта қой» деп жалынған, жалбарынған даусына құлақ түріп көріп еді, ол жалынудың орнына әлі айғайлап тұр екен. –Бұдан түк пайда жоқ! Есіл-дерті дала! Көшпелі зоопарк! Кет зоопаркіңе, бар өз бетіңмен! Батыр қараңды! «Ә-ә, солай ма, –деді Ермек одан бетер ызаға булығып, –Сендер мені өтірік жақсы көресіңдер, беттерің енді ашылды, бәлем! Кетсем кетемін, батырсам батырайын қарамды. Ал, қош бол! Ермек қойнауды өрлеп жүре берді. Талай-талай шатқалдардан өтті, қой тастардан секірлі, жыралар мен шұқырларға құлап кете де жаздады. Бір бұлақтың басына кеп тұнық судан етбеттеп жата кетіп қанғанша ішті. Маужырап ұйықтай бастады… «Мен жоғалуым керек, қарамды батыруым керек!» Ол жанындағы апанға секірмек болды. «Ең қолайлы жер осы. Мен осы жерге секіріп түсем де жоғаламын» деп шешті ол ойын. Ол үлкен апанға секіргелі көзін жұмды. «қош бол, папа! Қош бол мама! Жоғал деген соң мен жоғалуым керек!» деп суға сүңгитін адамдай демін терең алып енді секіргелі жатқанда апан ішінен әлдене қозғалғандай болды. Ермек оған анықтап қарағанда алба-жұлба киінген бір кемпірді көрді. Дәл осы сәттен бастап Ермек таңғажайыып оқиғаға араласып кеткенін өзі де сезбей қалды. –Сіз мұнда нағып жатырсыз? Жылан шағып алады ғой,– деді ол шошынып. Кемпір басын көтеріп, орнынан тұрды. –Мені жылан шақпайды,–деді ол мұның қасына кеп. –Қалай шақпайды? –Сол, Мыстан кемпірді жылан шақпайды. Ермек сенерін де, сенбесін де білмей аңырайып тұрып қалды. –Сіз Мыстан кемпірсіз бе? –Әрине, Көріп тұрған жоқпысың. –Өтірік! Сен мені алдап тұрсың. Сен дуана кемпір шығарсың. –Сенбесең міне, көр! Ол Ермекке куәлігін ұсынды. Ермек қолына «удостоверение» деген документті алды да оқып шықты. «Аға мыстан кемпір. Аты-жөні Карасача Карамаса Каракаса… Өй қандай ұзақ!.. «Сиқыр» бірлестігі. Куәліктің берілген уақыты – 1989 жыл».О-о, куәлікті биыл ғана алған екенсіз ғой. –Қайдағы биыл? Сауатың бар ма, жөндеп қарасаңшы! Біздің дәуірімізге дейін! –Мәссаған-ан! Біздің дәуірімізге дейін? Сонда 3976 жыл» Жұмыс істегеніңізге 3976 жыл болды ма? –Иә. Сонда да старшыйлықтан жоғары көтеріле алмай-ақ қойдым. Менен мың жыл кейін келген бір қыз бар еді, осыдан бір жеті бұрын мыстандыққа тағайындалды. Бірлестіктің жаңа бастығына туыс боп келеді екен. Сүйеушің болмаса, көрген күнің құрысын! Мың жерден адал бол, таза бол, жүргенің осы салпақтап! –Ойба-ай! Мен сізден қорқайын дедім. –Неге? –Сіз
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36