ЕРТЕГІ ЕЛІНДЕ

бастады. –Жер бетінде бұдан кейін екі аяқты адамдарға аяушылық деген болмас үшін, бұл дүниеде тек перілер мен мыстандар, сайтандар мен диюлар, албастылар мен жындар үстемдік етуі үшін осы тұрған барлық харам ниет жын-шайтандар құмыраларға тығылсын! Суф-ф-ф!» Анталап тұрған көпшілік түтінге айналып, құмыраға еніп, ыңырсыған, қиналған, шыңғырған дауыстар ғана естіле бастады. Келесі бір сәтте бәрі де тынышталды. –Бітті! Бұзылған бір патшалық жер бетінен жойылып, бәрі де құмыраларға тығылды, –деді Тсара масаттанып. * * * Жартас ішінде Ермек пен Мугара жүр. Ермек табиғаттың ғажайып көрінісіне тояр емес. Ол үшін мұндағы әрбір тас, әрбір көрініс таңсық. –Иә, ертегі десе ертегі! Қандай ғажап та тылсым дүние!–деді ол төбесінен төніп тұрған құзар жартастар мен төменде мұнартып жатқан түпсіз құзға қарап. –Саған ұнай ма? –Ұнағанда қандай! Керемет! Ғажап! –Мен осы жерде дүниеге келіппін,–деді Мугара мақтанып. –О-о! Онда сенің арманың жоқ! Сен сонан соң да әрі жұмбақ, әрі әдемі қызсың. –Бұл жердің аты да солай. Мугара –«әдемі жартас» деген сөз. –Мугара! Мугара! Мугара – әдемі, Мугара – жұмбақ,, Мугара – ару! Расымды айтсам бар ғой, алғаш естігенде сенің атың құлағыма түрпідей тиіп еді. –Түрпі? Ол не? –Ә-ә, сен ондай теңеуді білмейді екенсің ғой. Түрпі деген міне, мына тас сияқты бұж-бұж. Денеңе тигенде сондай жағымсыз,. –Жағымсыз! Мен сондай болғаным ба? –Қой, сен оған ренжіме. Ол жай айтылған сөз ғой. Оның саған түк қатысы жоқ, –деді Ермек оның қолынан ұстап. –Ренжімеші, жарай ма? Саған ренжіген түк те жараспайды. –Солай ма? Енді ешқашан ренжімейтін боламын. Сен үшін! –Ол Ермекке қиыла қарады. –Біз мұнда таңертең неге келмедік! –деді кенет Ермек. –Маған мұнда келуге тиым салған. –Неге? –Білмеймін. Тсара рұқсат етпейді. Ол менің мұнда екенімді көрсе ана-ау суға лақтырып жібереді,–деді ол төменде мұнартып жатқан құзды көрсетіп. –Себеп? –Айттым ғой, білмеймін деп. Мұнда ешкімнің келуге хақысы жоқ. Бәлкім, Тсара біреулермен бұл жерде оңаша кездесетін шығар. –Қызық екен. Осы кезде шатқал арасынан әлдекімнің тұлғасы қараң ете қалды. –Тс-с! Анау кім? –деп демін ішіне тарта қалды Ермек. –Қайдағы?! –Анау қызыл тастың түбіндегі? Мугара Ермек көрсеткен жаққа қарады да, қорыққаннан сұп-сұр боп кетті. –Тоқта, тоқта! Өзінің тұлғасы таныс сияқты. Кел, мұнда жасырына тұрайық. Олар бір тастың тасасына бұғып отыра кетті. Қара жамылып, бетін тұмшалап алған әйел қызыл тасқа үш рет қолын тигізіп, үш рет қолын шапаттады. Сол кезде қызыл тас орнынан жылжып, астынан кішігірім құмыра көрінді. Әйел құмыраны бері алып, оның қақпағын ашты. –Япырмау, мынау… мына әйел… Тсара ғой! –Тсара? –Иә! Біз құрыдық! Тсара дүниедегі ең күшті, ең қатыгез сиқыршы. Ол бізді бір-ақ үрлеп анау өзенге

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36