ЕРТЕГІ ЕЛІНДЕ

лақтырады да жібереді. Жүр, ол көрмей тұрғанда бұл жерден тез кетейік! –Жо-жо-оқ! Тұра тұр. Оның не істейтінін көрейік. Мұнда үлкен бір құпия жатқан сияқты. Қорықпа, ол бізді бәрібір байқамайды. Тсара құмыраның қақпағын ашып, әлдекіммен сөйлесе бастады. –Сенің патшалығың құрыды!–деді ол құмыраға үңіліп. –Маскүнем күйеуің ел тонағаны үшін жаңа ғана қылышты Періштенің қолынан қаза тапты. Құмыраның ішінен булыққан дауыс естілді. –Сен дегеніңе жеттің, Тсара! Менің күйеуімді осындай жолға салған сен. Менің екі қызымды да сен саттырып жібердің. –Ой… мынау менің… ма-ма! –Мугара анасын танып айғайлай беріп еді, Ермек оның аузын баса қойды. Тсара жан-жағына сақтана қарап тұрды да, сөзін қайта жалғады. –Менің Тюльтанға уәзір болғанымды ұнатпай, сарайдан қудырмақ болғаныңды әлі ұмытқан жоқпын. –Сен дуана боп қайыр тілеп келгенде әулеттің заңын бұзып, саған аяушылық көрсетіп, үйге кіргізген мен емес пе ем? –Иә. Сен болатынсың. Сендер сол үшін жазаланып отырсыңдар. Аспан алақандай, жер тоқымдай кезде жаралған едік. Содан бері мұрты бұзылмай келе жатқан жын-шайтандар дәстүрін алғаш сендер бұзып, алғаш рет «аяушылық» деген бәлені сендер бастадыңдар. Алғаш рет біздің ата жауымыз – Адамдармен байланыс жасадыңдар. Сол үшін сендерді жер бетінен құртуға ең ұлы әміршіміз мені жіберген болатын. Қазір бүкіл патшалығың құмыралардың ішінде тұншығып жатыр. Мен саған соны айтып кеткелі келдім. –Менің Мугарам қайда? Ол да құмырада ма? –Ах оңбағандар! Олар Адам екеуі жүр еді ғой!.. Мен одан қалай айрылып қалдым екен а?! –Оның жазығы жоқ! Оны тірі қалдырып кет. Жалынамын! Керек болса аяғыңа жығылайын, Тсара! –Жоқ. Сендердің біреулеріңді де бостандықта қалдыруға болмайды! –Біздің Құдіретіміз қайда? –Міне! – ол Тюльтанның мойнынан шешіп алған алқаны көрсетті –Құдіреттерің менің қолымда! –Найзағай атсын сені, Тсара! Құдайдың қарғысы ұрсын! –Қарғысыңды қайтып ал! –Алмаймын! –Ендеше өз обалың өзіңе! Тсара құмыраны жартастан төмен қарай лақтырып жіберді. Сол кезде Мугара шыдай алмай «ма-ма!» деп айғайлап қалып еді, сиқыршы Тсара жан-жағына жанұшыра қарап, тез-тез дұға оқи бастады. –«Көзге көрінбес құлдарым мен жындарым, осы жартастың ішінде Адам мен Сайтан қыз жүр, тез тауып әкеліңдер, суф-ф-ф!» Мугара солқылдап жылап жатқанда қолына Тсара лақтырған құмыраны өзенге түсірмей қағып алған Қарақұл келді. –Мугара, жылама! Мамаң өлген жоқ. Мен суға түсірмей қағып алдым! Міне! – деді ол ақсия күліп. Мугара басын көтеріп: –Сен қайдан жүрсің? –деді таңырқап. –Сендерді аңдып жүрмін. Кетпегенім жақсы болған екен. –Рахмет, қайырымды Қарақұл! Мугара құмыраға үңіліп: –Мама! Мама! –деп айғай салды. Құмыра түбінен анасының дауысы естілді. –Аманбысың күнім! –деді ол тебірене сөйлеп. –Мама, біз сені жоғалып кетті деп жүргенбіз, мама! –Жоқ, мен жоғалған жоқпын. Бәрің ұйықтап жатқанда Тсара мені сиқырмен құмыраға тығып, осында әкеп

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36