тастаған. –Енді қайттік! Сені қалай босатамыз? –Өзіміздің Құдіреттті қолға түсіріп, Тсараны өлтіргенде ғана босанам. Басқа амал жоқ. Бұл кезде екеуін іздеуге шыққан Тсараның құлдары мен күңдері бұларға төніп қалып еді. Әрекет жасамаса босқа құритынын сезген Ермек Қарақұлға: –Сенде қанша сарбаз бар? –деді аптығып. –Бес-ақ сарбаз, тақсыр! Алтау еді, біреуі өткен жолы зоопаркті тасып жүргенде белін шойырылтып алып үйінде жатыр! –Қалай, Тсараның қолымен соғыса аламыз ба? –Тәуекел, тақсыр! –Ой, біздің күшіміз аз! Енді қайттік? – деді Мугара сасқалақтап. –Бәлкім құмыраны алып қашармыз? –Жоқ, олар бәрібір бізді тауып алады. Менің ойымша, не болса да соғысу керек. Не – өлім, не өмір! –Дұрыс айтасыз? Не өлім, не өмір! –Мугара, сен құмыраны алып анау тастың түбіне барып жасырын. Қарақұл, сен сарбаздарыңды шақыр! – деп Ермек іс тізгінін өз қолына ала бастады. –Сарбаздар! Сапқа тұрыңдар! Тез! Тез! –деп ақырды Қарақұл. Бес сарбаз сапқа тұрды. –Сарбаздарым! –деді Қарақұл жалынғандай ақырын дауыпен. Сендер менің әрқашан арқасүйер, пана тұтар, сенім артар жасағым боп келдіңдер. Мен сендерді лажы болса қиынға жұмсамауға тырыстым. Түсінем, сендер кәнігі жауынгерлер емессіңдер, сендер бар болғаны мугара ханшайымның оқу-жаттығу жүргізетін шағын ғана тобысыңдар. Соған қарамастан қазір теңдесі жоқ шайқасқа енулеріңе тура кеп тұр. Бізідің патшалықтың сендерден басқа арқа сүйері қалмады. Жау күші бізден әлдеқайда басым. Соғысу – біздің міндетіміз емес деп қазір мына шайқастан бас тартуларыңа да болады. Бірақ басымызға күн туды. Алдымызда екі-ақ жол бар, –бірі – соғыстан бас тартып, бас сауғалап жан сақтау, сөйтіп, патшасыз, елсіз өмір кешу, екіншісі– өлімге бас тігу. Қайсысын қалайсыңдар? –Не өлім, не өмір! Тәуекел! Соғысамыз!–деді сарбаздар бір ауыздан. –Рахмет! Онда, алға сарбаздар! Шайқас басталды да кетті. Шайқас ұзаққа созылды. Ермек екі қылышпен жау ортасында ойран салып жүр. Мектепте үйренген қылыштасу өнері дәл қазір әжетке әбден жараған сияқты. Қарақұл да, сарбаздар да оңды-солды соғыс салып жүр. Тсара әскерлері құзға құлап, суға секіріп, қылыштан мерт боп жатыр. Бұлардан екі сарбаз өлді. Күші басым жау бұларды тықсыра бастады. Ермек қоршауда қалды. Оның бір қылышы сынып, күркіреп жатқан төмендегі өзенге түсіп жоқ болды. Қарақұл да әбден қалжырады білем. Ол ырсылдап, маңдай терін сүртіп, жиі-жиі сүріне бастады. Жауынгерлер болса жан аямай бөлек-бөлек ұрыс салып жүр. Қарақұлдың әлі кетіп, қылышын әрең-әрең ғана көтерер халге жетті. Осы кезде ол жау әскерлері арасынан өзіне төніп келе жатқан жүзбасын көріп, сілейіп, тұрып қалды. Таңданғаннан сілтегелі көтерген қылышы жерге түсіп кетті. –Құдайым-ау, мен кімді көріп тұрмын!.. Ачирал, бұл сенбісің? –деді Қарақұл өз көзіне сенерін де, сенбесін де білмей. Оған төніп келіп қалған жүзбасы да қылышын көтерген бойы тұрып
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36