қалды. –Сен мені қайдан білесің?–деді арса-арса боп шаршаған Ачирал сол қолымен көзіне құйылған терін сүртіп. –Неге білмеймін! Кішкентай кезінеде мен мен сені талай-талай арқалап едім ғой. Сен мыстан кемпір Карасачаның баласы емессің бе? –Иә, дәл солай? Өзің кім боласың? –Мен Тюльтан патшаның құлдарының бірімін. Сенің шешең біздің патшалықтағы ең құрметті мыстандардың бірі. –Рас па? Ол кісі тірі ме? –Иә, тірі! Баламнан хабар жоқ деп ылғи уайым қып жүретін. –Ал маған… сенің шешең қайтыс болды деген хабар кеп еді… Ол тірі екен ғой! Ол қазір қайда? –Тас сарайда қалған. –Тірі ме? –Әрине, тірі! Сен өзің қайдан жүрсің? –Мен ұлы патшалықтың кезекші бөлімшесіндемін. Жәрдемге шақырғанда көбінесе біздің жауынгерлер барады. Ал, кеттік сарайға! – Ол қым-қуыт майдандасып жүрген сарбаздарына бұрылып: – Сарбаздар! Тоқтатыңдар ұрысты! Қылыштарыңды қынапқа салыңдар! – деді бұйыра айғайлап. Манадан бері соғыс барысын бақылап тұрған Тсара; –Ей, жүзбасы! Бұл не қылғаның! Сен бұл опасыздығың үшін басыңнан айрыласың! Жалғастыр соғысты! –деді Тсара ашуға мініп. –«Анаң қайтыс болды» деп хабар берген сен емес пе ең, Тсара! –Иә, мен! Анаң өлген. Өлмесе өледі! –деді Тсара енді ашық кетіп. – Мен ұлы әміршінің тікелей өкілімін, не айтсам соны бұлжытпай орындауға тиіссің, құлым менің! –Басым кетсе кетер, бірақ, өз еліме қылыш көтере алмаймын, Тсара! Тсараны тек қарудың күшімен жеңу мүмкін емес екенін ұққан Ермек, өзге жолдастарын таңқалдыра оның қасына жүгіріп келді. –Мен сізді келген күннен жақсы көремін, Тсара, – деді ол оның алдына тізерлей отыра кетіп. –Сіз осындағы жөн білетін, сөз білетін, ақылына көркі сай жалғыз әйелсіз. Сіз Құдіретті алып, көмек шақырыңыз, Әйтпесе мыналар сізді өлтіреді. Жаны қысылып тұрған Тсараның бұл сөзге иланбасқа лажы болмады. –Сенің мыналардан гөрі ақылды екеніңді біліп едім. Сен мені аналардан қорғай тұр! –Жарайды! Тсара омырауына қолын сұғып, құтыны алды да, Құдіретті шығарып, енді тетігін басқалы жатқанда Ермек оны жұлып алып, биік жартастан төмен секіре жөнелді. Сонан соң тез алақанын ашып, онан әрі не істерін білмей тұрып қалды. –Мугара! Мугара! – деді ол жанұшыра айғайлап. –Мен мұндамын! – деді анасының жанынан кете алмай тұрған Мугара дауыстап. –Құдірет менің қолымда! Енді не істеу керек? –Мама, Құдірет біздің қолымызда. Енді не істеу керек? –деді ол да құмыраға үңіліп, асыға сөйлеп. –Алқаның ішінде алқа бар. Сол алқаның тетігін бассын. Сол кезде біздің қолбасы жетіп келеді. Мугара Ермекке дауыстады. –Алқаның ішінде алқа бар. Сол алқаның тетігін бас. Сол кезде біздің қолбасы жетіп келеді. Ермек олар айтқан сөзді бұлжытпай орындады. Сол кезде баяғы Дию жетіп келді. Ол шаршаған, ентігіп тұр. –Алтын ақшаларды енді жасырып бола беріп едім,
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36