демалдырмадыңыз ғой. Не боп қалды? –деді ол тыжырынып. –Ол қандай алтын-ақшалар? –Өзіңіз апар деген. Аю-Даг тауына. –Ә-ә, солай ма!.. –деді бұл сөздің сырын ұға қойған Ермек. –Жарайды. Оны кейін сөйлесеміз. Әзірге анау Тсараны ұстап ал да құзға лақтыр! –Өзім де содан қалай құтылуды білмей жүр ем! Қазір!– деді Дию күлімсіреп. Дию Тсараны ұстап алып, жан дауысын шығара құздан төмен қарай лақтырды да жіберді. Күн күркіреп, найзағай ойнады. Найзағай үні басылғанда құмыра шарт сынып, ішінен сұңғақ бойлы, әдемі келген әйел шықты. –Мама! Маматайым! –деп Мугара оның мойнына асыла кетті. –Күнім! Сені де көретін күн болады екен ғой! – деп анасы да көз жасын көл қылды. –Міне, мына жігіт Ермек, –деді Мугара оны анасына таныстырып. – Ол бізге келген қонақ. Мыстан апай ертіп келген. Бұл болмаса сен екеуміз көрісе алмас едік. –Рахмет! Құдайдың нұры жаусын! Еліңде тыныштық болсын! –деді ол Ермектің басынан сипап. Қара тастың ар жағынан Ачирал бастаған бір топ сарбаздар мен Қарақұл көрінді. * * * Тас сарай қаңырап қалған. Алаңда қатар-қатар аузы жабық құмыралар ғана тұр. Карасача кемпір таққа таңулы күйінде. Ермектер кіріп келіп, мына көрініске қайран қалып тұрып қалды. –Біздің патшалыққа не болған? Өзге жұрт қайда? –деді Мугара жан-жағына үрейлене қарап. –Мына құмыралар неге тұр? –Тсара жұрттың бәрін құмыраға тығып кетті, –деді Карасача дыбыс беріп. –Сіз қайдасыз, Карасача апай? –деді Ермек түкке түсіне алмай. –Мен мұндамын. Тақта таңулы тұрмын! Мугара тақта таңулы тұрған оны құшақтай алды. –Ал… менің әкем қайда? –Сенің әкең… сенің әкеңді аспаннан келген қылышты Періште өлтіріп кетті… –Оның кінәсі жоқ еді ғой, не үшін? –Бәріне Тсара жауыз кінәлі. Ол кетерінде алтын ақшаға көміліп кетпек боп, Тюльтан жатқанда Құдіретті ұрлап алып, Диюларды ел тонауға үшінші рет жіберді. –Рас! Мен оларды Аю-Даг тауына апарып тығып келдім, –деп сөзге араласты Дию. –Ой, байғұс папам! Сен неге ұйықтап қалып едің! Қайран папам!.. –Ол отыра қалып еңіреп жылап жіберді. Жұрттың бәрі жылады. –Қойыңдар, жыламаңдар! – деді Карасача басу айтып. – Өлгеннің артынан өлмек жоқ. Болған іске болаттай болыңдар! Марқұмның өзі де соңғы кезде ел-жұртын ұмытып кетіп еді ғой. Енді бәріміз жаңа өмір бастаймыз» –Ой, біз сізді босатуды да ұмытып кетіппіз ғой. Қарақұл, мыстан апайдың қолын шеш! Қарақұл өңкөңдей басып келіп, оның байлауын лезде шешіп тастады. Байлаудан босанған Мыстан кемпір керіліп-созылып бойын жазып алды да: –Ал, Тсарадан қалай құтылдыңдар? –деді. Жауап орнына олар таныр ма екен дегендей Ачиралды ортаға итерді. –Мына бір одырайған дию кім! –деді Карасача оған сығырая қарап. –Танымадыңыз ба, апа? Мен ғой! –деп Ачирал ыржия күліп еді кемпір:
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36