–Құдайым-ау… сен… Өңім бе, түсім бе? Құлыным!… –Карасача құшағын жайып баласына ұмтылды. –Сен… хабарсыз кетті деп еді әлгі Тсара… Құлыным, бар екенсің ғой! –Ол есінен танып құлап түсті. –Ал, мына құмырадағыларды қалай босатамыз? – деді мугара Карасача өзіне-өзі келген соң. –Тсара өлді, енді оларды босату оңай! –деді Ачирал. Қарақұл қылышпен құмыраларды бір-бір ұрып шығып еді, аулаға улап-шулап жын-шайтандар қаптады да кетті. –Жасасын бостандық! Жасасын біздің азат патшалық! –деді жындар айғайлап. Ермек у-шу басылған соң ортаға шығып: –Ал, азаттық күндеріңіз құтты болсын құрметті… Жын… Жолдас… –Өз сөзіңмен айта бер, –деді мүдіріп қалған оны Муғара сөзбен деме,п. Ермек құттықтауын жалғастырды. –Иә, азаттық күндеріңіз құтты болсын, жолдастар! Мен ойда жоқта сіздердің араларыңызға кеп, көп оқиғаның куәсі болдым. Елге барып айтсам оған ешкім сене де қоймас. Менің әке-шешем бар. Олар мені жоғалтып, екі көздері төрт боп отырған шығар. Енді еліме қайтайын. –Жоқ! Сен бізге ұлы патша боласың! Сен осында қал! –деді Қарақұл гүж етіп. –Көңілдеріңізге рахмет! – деді Ермек толқып. –Бірақ, әр елдің өз патшасы болуы керек. Сіздер өз араларыңыздан өздеріңізге жаңа патша сайлап алыңыздар! Мен оған қайтпас қайсар қолбасшы, ақылды азамат Ачирал лайық деп білер ем. Бұған не дейсіздер! Жұрт оның сөзін көтерді де кетті. –Жасасын ұлы падиша Ачирал! Олар Ачиралды таққа көтеріп әкеп отырғызды. –Сенім артқандарыңызға рахмет, халайық! –деді Ачирал тебірене сөйлеп. – Сол сенімнен шығуға тырсармын. Сіздер үшін жан аямай күресуге ант етем! Мыстан кемпір қуаныштан жылап жүр. –Мені алып келгеніңіз үшін берілетін сыйлық ақшаны енді алмай-ақ қоятын шығарсыз?–деді Ермек оған әзілдеп. –Садақа! Садақа! О, құдайым, баламның бақытын баянды қыла көр! Баянды қыла гөр! –деп тағы да көз жасын төге жөнелді. –О, ұлы патшам, бізді бір жүзікке тығып қойғаннан не түседі? – деді Қарақұл Ачиралға. – Керек кезде шақырып әуре боп жатқанша, ылғи да қастарыңызда жүргеніміз жақсы емес пе? –Дұрыс айтасың, Қарақұл! –деді бір мүйізді шайтан. –Уа, езгіде келген жын-шайтандар! –деді Ачирал орнынан тұрып. –Бүгіннен бастап сендер жүзікке, құмыраға тығылудан азат боласыңдар. Жойылсын басыбайлы қапас өмір! Мугара, ең алдымен жүзігіңді суға сен лақтыршы! –Мен оқуымды қайтем? –деді ол бәрібір жүзігін алу үшін саусағын сипап. –Біз енді басқа оқу оқимыз. Қане, лақтыра ғой. Мугара жар шетіне кеп жүзігін суға лақтырып жіберді. –Ал, мына Құдіретті әзірге сақтай тұрамыз, –деді Ачирал Құдіретті қолына алып. –Ол біздің патшалық нығайып, күшіне әбден мінгенше қажет болады. Сонан соң мұны да жоямыз. –Жасасын данышпан патша Ачирал! –Жасасын Бостандық! –Жойылсын құмыра! –деді тыриған бір арық дию. –Ал, енді Адамзат жұртының өкіліне рахмет айтып, еліне аттандырайық, –деді Ачирал көпшілік тынышталған
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36