соң. –Ол ел саған да алыс емес, Ачирал! –деді Ермек оның әке жағын есіне салып. –Білем. Бірақ, мен осы елге бауыр басып кеткенмін. Тағдыр солай. Ал, Ермекті сән-салтанатпен шығарып салайық, ағайындар! Сөйтіп, қоштасу сәті де келіп жетті. Мугара көзіне жас алды. –Ал, сау бол, Мугара, – ару қыз! – деді Ермек оның қолын қысып. –Красача апай рас айтады екен… –деді қыз жыламсырап. –Нені? –Есіңде ме? Адамдардың жүректі арбап алатын бір бәлесі бар деген сөзі… Мен саған үйреніп қалыппын. –Иә, есімде. Сен жақсы қызсың, Мугара. Бірақ, екеуміз мүлде екі басқамыз. –Иә, солай!.. Мә, мынау сенің орамалың! Есіңде ме, мен жылаған кезде бергенсің. Сый орамалды алып қалғаным жарамас. –Бұл орамал сенде қалсын, –деді Ермек. – Саған ескерткіш! –Рахмет!.. Ал, енді қоштасатын кез келді! Мугара толқып тұрған ағайын-туыстарына қарап: –Ағалар мен апалар! Біз Ермекпен қоштасу вальсін билейік!–деді ол жылап жүріп. Жан тебірентер әсем музыка, ырғақты вальс ойналды. Билемеген ешкім қалмады. Қарақұл да, жасы жеткен Карасача кемпір де, ұлы патша Ачирал да биге араласты. Ермек пен Мугара шыркөбелек айналып жүр. Би біткен кезде бәрі тоқтап, көздеріне жас алды. –Біз аз уақыттың ішінде адамзат өкілімен достасып кеттік. Енді оларға жамандық жасамауға ант етейік! – деді Карасача кемпір. –Ант етеміз! Ант етеміз! –деп қостады оны қалғандары. –Ермекті өзім әкеліп едім, енді өзім апарып тастаймын. Алған жеріме. –Патшаның шешесіне адам тасытып қойғанымыз ыңғайсыз болар, басқалар апарып салсын,– деді Мугараның анасы. –Жоқ! Осыған дейін қалай өмір сүрсем, бұдан былай да солай өмір сүремін, –деді Карасача жігерленіп. –Біз бәріміз бірдейміз! Ал, Ермек, кеттік еліңе! –Кеттік! – деді Ермек те оның соңынан еріп. Қаратастан жасалған үлкен қақпа айқара ашылып, жұрт оларға қақ жарылып жол берді. Мугара орамалын бұлғап, көзінің жасын сүртіп тұр. Қош, Мугара! Қош, ертегі елі!
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36