ЕРТЕГІ ЕЛІНДЕ

–Сіз де жас болдыңыз ба? –Сұрағының түрін! Көргенсіз! Жас болмай бірден мыстан кемпір боп туды дейсің бе? Баяғыда, Пруссияда мыстан қыз боп жүрген шағымда бет біткеннің әдемісі едім шіркін! Бірлестіктің бүкіл еркегі соңымнан қалмаушы еді. Бір бастықтың айтқанына көнбей қойып ем, ол ызаланып мені Қазақстанға айдады да жіберді. Сол жылдары ғой сендердің Алдар -көселеріңе жолығып жүргенім. –Ол қалай алдады, айтыңызшы? –Ой, оны есіме да алғым келмейді! –Мыстан әже, айтыңызшы, а? –Әже деме, апа де. –Иә, мыстан апа, айтыңызшы! –Сол оңбаған Алдарды алдап қолға түсіре алмаған соң бір күні қыз қалпымда үйіне кіріп келдім,– деді ол күрсініп. –Мыстан кемпір ойын жинақтап келгендей аспанға қарап біраз отырды да: –Тым болмаса семьясын бұзып, бүлік шығарайын деген ойым ғой. Әйелі сыртта ешкі сауып отырған болатын. Түрі келіспеген, етек басты біреу еді. Кейде сондай жігіттерге сондай салп етек әйелдердің тиіп алатынына жының келеді. Әділдік жоқ, әділдік жоқ өмірде! –Сөйтіп, кіріп келдіңіз. Сонан соң? –деді Ермек әңгімеден ауытқып бара жатқан оны бері қақпайлап. –Иә, сөйтіп кіріп келсем Алдар көсе домбыра тартып отыр екен. Мені көрді де орнынан ұшып тұрды. «Әп, бәлем, қолға енді түскен шығарсың» деп қоямын ішімнен. Жаңа айттым ғой, Пруссиядан жаңа ауысқан бетім деп, ежелгі салт бойынша оған қолымды ұсындым, Ол: «мұны қайтем?» дейді. «Сүй, –дедім. –Ер адам әйелдің қолынан сүюі керек». «Біздің қазақтар әйелдің қолынан сүймейді»– деді ол. «Енді қай жерінен сүйеді?» –дедім мен де қадалып. «Тамағынан» –деді ол. Сөйтті де, менің тамағымнан иіскеді. Маған оның паңдығы мен тәкаппарлығы бірден ұнады. Ауызғы үйден әйелінің шелегін салдырлатып кіріп келе жатқаны естілді. Мен тым болмаса бүгін шу шығарып кетейін деп әдейі: «Алдарчик, жаным, енді қашан көрісеміз?» дедім. «Қалағн уақытыңда,– деді ол да күлімсіреп. –Тіпті, кетпеймін, осында қаламын десең де болады». Байқаймын, әйелі де қарсы емес. Ренжу, ашулану деген ойында жоқ. Бұл маубастар ештеңе түсінбеген шығар деп: «Сонда немене, мына әйеліңдң қоя бересің бе?– дедім. Сол кезде әйелі тұрып: «Қазақтар көп әйел алады. Бұл өңірде әзірге бір әйелмен жүрген жалғыз біздің Алдекең. Сіз сияқты көрікті қыз тиемін деп жатса менің қарсылығым жоқ», –дегені. Семьясын бұзбақ болған ойымнан түк шықпайтын болды. Мен күнде келетін болдым. Оларға күнде келіп жүріп, Алдарды шынымен жақсы көріп қалмасым бар ма? Өзі ақкөңіл, адал, есігінің алдында жалғыз ешкісінен басқа адалы жоқ тақыр кедей екен, Сыртыынан жер жарған даңқын естіп бұл өңірдегі ең мыңғырған бай сол шығар деп жүретінбіз. Ол да маған кет әрі болмады. Ойладым, «жын шайтан боп, мыстан боп жүргенше осыған тиіп алып тып тыныш өмір сүрсем қайтеді», –деп. Бірақ, оған

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36