ЕРТЕГІ ЕЛІНДЕ

менің жұртым көне ме! «Болшы да бол, Алдарды тез әкел» деп күнде қыдыңдайды. Сөйтіп жүргенде екі қабат боп қалайын. Коллективтегі талқылаудың қалай өткенін көрсең ғой! Ит терімді басыма қаптады. Аттай елу жылдан соң босандым. Ұл тудым. –Алдар баласын көрді ме? –Қайдағы көрген! Сендер тым аз өмір сүреді екенсіңдер ғой. Бір екі жыл отасқанымыз сол еді, бір күні ол: мен қартайдым. Балаңды адалдыққа тәрбиеле, Біздің елге жамандық жасамаңдар», –деп өсиет айтты да өлді де қалды. Қартайып өліпті, Ұзақ жасапты дейді. Өлген кезде 105-те екен. Біз үшін ол деген не? Бір жаққа екі-үш рет командировкаға барып келгенмен тең. –Ол балаңыз қайда: –Әскерде, кәмәндир. Бірақ, көп болды, хабар жоқ. –Сіздерде де әскер бар ма? –Неге болмайды? Жарқыным, біздің өміріміз дәл сендердің өмірлеріндей. Сендерде не болса, бізде соның бәрі бар. Тек, біз басқаша өмір сүреміз. –Басқаша өмір! Қандай қызық ә? –Әрине! Ал, жүр. –Қайда? –Біздің бірлестікке. –Жоқ, мен бара алмаймын, –деді Ермек іс жеме жемге таянғанда бойын үрей билеп. –Күні бойы екеуміз келіскен жоқпыз ба? Несіне қорқып тұрсың? Барасың. Біз сені азғантай ғана былай… азаптаймыз. Сонан соң ертегідегідей бәрі жақсы аяқталады. Әке шешең сені, «жоғал, құрып кет» деді ғой ақыры. Деді, есітіп тұрғам. Көп болса үш төрт күн жүресің де қайтып келесің. Дәл осы жерге өзім әкеп тастаймын. Оған дейін ата анаң да сені өлердей сағнып отыратын болады. –Сіз мені алдап отырған шығарсыз, а? –Жоқ, сені алдап қайтейін. Сен кездеспесең менің күнім не болар еді. Ал, кеттік. Біздің бірлестікте той боп жатыр. Неше түрлі сиқыршылармен, жын шайтандармен табақтас боласың. –Ол қандай той? –Біздің бастығымыз бізге бастық болған әрбір күнін тойладйы. Бүгін оның таққа отырғанына үш жүз алпыс бес мың бір жүз қырық төрт күн. Ермек ұзақ ойланды. Егер бұлардың патшалығындағылар мына кемпірдің айтқанындай болатын болса қорқатын түгі жоқ. Оның үстіне әке шешем де әбден сағынсын. Оларды осылай «тәубасына» келтіріп алмасам, мені тым ұмытып барады. –Ал, жарайды, келістім! Бірақ, екі -үш күннен соң қайтып келетін болайын. Жарай ма? –Уәденің аты – уәде! Әкел қолды! Ермек оған қолын ұсынды. Мыстан кемпірдің қолы кепкен бұтақтай құп-құрғақ әрі қатты екен. Ол дорбасынан сауыт- сайман шығарып: –Міне, мыналарды киіп ал! –деді Ермекке. –Бұл батырлардың киетін сауыт- сайманы ғой! –Дұрыс айтасың. Мен сені даладан кездестірген бала демей, бір елдің атақты батыры деп айтуым керек қой. Сонда менің де абыройым, алатын сыйлығым өседі. Мә, киіп ал! Ермек батырлардың сауыт сайманын киіп алды. –Бұрын бірдеңемен айналысып па ең өзі? –Немен? –Спортпен. Айталық, суға жүзу, спидвей, биатлон?… –Айналысқам. Фехтованиемен. Ол неге қажет? –Енді…

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36