Мына жерден әбден жалықтым! Кеттік! –Ол да мүмкін болыңқырамай тұр, ұлы мәртебелім. –Неге? –Сіз отыратын бөлменің төбесі әлі жабылған жоқ. –Неге? –Оның төбесін жапқанда Крым-Брым елінің сыртқы істер министрі келіп, шифрлар мен тақтайларды түгел сатып жібергенбіз. Тюльтан шыдай алмай жас баладай жылап жіберді. Тура мен таққа отырған жылы басталған құрылыс еді, күнде ертеңмен әлі келе жатыр! Кетем! Басқа патшалыққа ауысам! Тұрмаймын сендердің араларыңда! –Қазір барлық патшалықта штат қысқарылып жатыр, ұлы мәртебелім! Баратын жер жоқ! –Ах, оңбағандар! Жарайды, әзірге қала тұрайын, мүмкін түзелетін шығарсыңдар. Ал, сарайды салып жатқан кімдер? –«Алмаатадолгстрой» тресі, ұлы мәртебелім! –Енді ол қашан бітеді? –Ертең, ұлы мәртебелі тақсыр. –Жарайды, тағы да күте тұрайық. –Ал, бүгін тойға кімдер келмек? –Бүгінгі той ерекше болғалы тұр, тақсыр! –Ол немен ерекше болады, ақымағым? –Сіздің таққа отырғаныңызға,– деп ол қағазға қарап алды да: –үш жүз алпыс бес мың бір жүз қырық бес күн толған ұлы мерекеге дүниежүзіндегі ең ірі Дию -перілер Бірлестіктерінің ең ірі өкілдері келмек, –деді бұлғақтап тұрып. –Сонан соң, бұл тойға қазақтың жас батыры Ермек те қатыспақ. Тюльтан мынадай күтпеген хабардан селт ете қалды да, көзін кеңірек ашып көмекшісіне қарады. –Кімнің батыры дедің? –Қазақ батыры, ұлы мәртебелім! –Қазақ? Ондай ел бар ма? –Бар болғанда қандай, ұлы әміршім. Біз қазір солардың территориясында отырмыз. –Ол қалайша? Біз Палестинада едік қой! –Біздің ол жерден көшіп кеткенімізге он бес жыл болды мәртебелім. –Көшкенімізді мен неге білмеймін? –Ұлы тойдан кейін сіз… мас… а, сіз қатты ұйықтап жаатқан болатынсыз тақсыр. –Бәрібір, мұндай халықты бұрын естімеппін. –Естімеуіңіз мүмкін емес, әміршім, Атақты Алдар-көсе осы елден шыққан. Ол сіздің бір жиеніңізді осыдан мың жыл бұрын бір ай бойы есек қып мініп жүріп, бәрімізді масқаралаған болатын. –Ах! Ах!.. Оңбаған… Оңбаған!.. Есімде!.. –Алдар көсе онысымен тұрмай біздің бір мыстан қызымызды екіқабат қып алмай кеткен. –Солай де! Мен оны неге білмеймін? –Сіз онда да ұйықап жатқан болатынсыз, ұлы мәртебелі тақсыр! –Ол қыз қайда? –Алдар көсенің бүгінгі ұрпағынан шыққан ең атақты жас батырын осында алып келе жатқан сол баяғы мыстан қыз. –Оның аты кім? –Қысқартып айтайын ба, толық айтайын ба? –Қысқартып айт. –Карасасакараксакараласатарласатамасасаталаласасагабамакаласаса, –А, сол қыз ба? Бізге Пруссиядан жер аударылып келген ғой? –Дәл солай! Ақыл есіңіздің-соншалықты бүтін, осыншалықты ұшан -теңіз екендігіне тағы да бас иеміз, ұлы мәртебелім! Ол қазір қыз емес. –Неге? –Ол қазір мыстан кемпір болған. –Кімге тиді? –Ешкімге тиген жоқ, ұлы мәртебелім! Ол қазір мать -одиночка. –Неге? Сұрақ-жауап көбейіп кеткендіктен көмекші шаршап, сөзін айта алмай қалды. Ол әлдене деп қолын ербеңдетіп, қисалаңдап тұрды да, тұрған жерінде гүрс етіп құлап түсті. Манадан
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36