жүзін жуған екен. Шопағы ажырап, сап-сары боп қапты. Жас келіншек қауынның бір сынығын алып, қарбытып жей бастады. Шет-шетіне жұққан қарақошқыл топырақты да елеген жоқ. Кәмшәт енді қауынның екінші сынығын қолына ала бергенде арт жағынан: — Мәссаған? Мұның не? — деген дауысты естіді. Кәмшәттің зәресі қалмай артына жалт қарады. Келіп тұрған Ермекбай екен. Ол не істерін білмей, қауынның қалған бөліктерін орамалымен көлегейлей берді. Әйтсе де, оның Керең шал болмай шыққанына қатты қуанды. Оның жерік екенін Ермекбай бір айдан соң білді. Бір күні «Шымкенттен әртістер келіпті» деген хабар колхозды бір дүрліктірді. Екеуі жұмыстан келе салып, концертке бармақ болды. Әртіс десе Ермекбайдың желігіп кететіні бар. Бүгін де шала бүлініп дайындалды. Сандықта жатқан жалпақ бәтеңкесін алып шаңын сүртті. Алғалы бері аяғына сұққан жоқ болатын. Аздап кеңдеу екен. Екі шұлық киді. Онда да олқы болды. Сонан соң бәтеңкесінің тұмсығына мақта тықты. Дәл кетер кезде Кәмшәт нілдей бұзылды. — Жоқ, бармаймын, өзің бара берші,— деді ол. — Е, неге? Айында-жылында келген әртіске бармай… қой, киін давай. — Мен ауырып тұрмын. Кұдай шыным. Жүрегім көтеріліп тұр. Ыстық клубтың ішінде отыра алмаспын. Өзің бара берші. — Ой, осы сенің табан астында… Енді жалғыз қалмақсың ба? — Несі бар. Сен келгенше отыра тұрамын ғой. Бара бер енді, кешігіп каласың. Шындығында да Кәмшәттың өңі қашып тұр еді, Ермекбай көрші-қолаңдарымен бірге кетті. Сөйтсе де жол-жөнекей келіншегі туралы ойлана берді. «Шынымен ауырып қалар ма екен ол?» Клубқа жақындай бергенде оны көрші Нұржамал қуып жетті. Қасында үш-төрт қызы бар. Шу-шу етіп, сылқылдай күліп келеді. — Әй, Ермекбай,— деді оны иығынан нұқып қалып. — Е, не болды? — Осы сендердің… ана Керең шал қайнағаның қауынын ұрлап жегендерің рас па? Денесіне біз сұғып алғандай Ермекбай селт ете қалды. — Қайдағы қауын? Ұрлағаны несі! — Ұрлағаны несі дейді-ай өзі.— Ол шалқалай күлді.— Тапа тал түсте ұрлап жепсіңдер ғой. — Қашан? — Қолхоз сыйлық ақша беретін күні.—Нұржамал сылқ- сылқ етіп күлді де, тиыла қалды.— Қысылмай-ақ қой,— деді ол қасын кере сөйлеп.— Мен сендерді сөгіп келе жатқан жоқпын. Бірақ мойында. Арық ішінде ерке қатыныңның ізі қалыпты. Сол жақта сендер су суғарғансыңдар. Енді сендер болмай, мен ғой деймісің! Ермекбай сасқалақтап, не айтарын білмей қалды. Екі беті от боп жанып, табанына шейін шымырлап кетті. — Сол үшін сен әйеліңе ұрсыпсың ғой, рас па? — Оны кім айтты? — Керең қайнағаның өзі айтты. Ол келіншегіңнің қауынды қалай ұрлағанын, қалай жегенін бәрін көріп тұрыпты. Сенің оған қалай ұрысқаныңды да есітіпті. Бірақ ерке қатыныңның қылығына күліпті де қойыпты. Білген ғой… «Сұмдық-ай,— деді Ермекбай
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66