КЕШ ТУҒАН ЖҰЛДЫЗ

Focus Mode

ілесіп Кәмшәт та елең ете түсті. — Білмеймін. Жиналыс болады дейді ме… Колхозшылардың бәрі клубқа жиналып жатыр. — Іммм, дұрыс, дұрыс…— Ермекбай сәл ойланып тұрып қалды.— Онысы қашан басталады екен? — Қазір ғой деймін. Тез жетсін деген. — Е, барамыз, барамыз қазір. Мына суды жүйекке жайып сап кетейік,— деп Ермекбай оның сөзін бөліп жіберді. Сағатбек атының тізгінін кері бұрып, басқа мақталықтағы сушыларға қарай шаба жөнелді. …Бұлар клубқа келгенде, колхозшылар тегіс жиналып қалған екен. Іштің ауасы тынысың тарылардай қапырық. Терезенің алдына самаладай боп еңгезердей-еңгезердей біреулер үймелеп қапты. Сырттан кірген ауа солардан-ақ артылар емес. Клубтың төргі жағындағы, қызыл матамен жабылған ұзын үстелге президиум мүшелері жайғасып та қойыпты. Дәл Ермекбай мен Кәмшәтті күтіп тұрғандай, олар кіре бергенде Бектемір орнынан тұрып, «тынышталыңыздар» дегендей суы тола графинді қарандашпен шық-шық еткізіп ұрып қойды. Көптен бері көрмегенге ме, бастықтың жайдары да салмақты жүзі Кәмшәтқа жылы ұшырап кетті. Бектемір жарым сағаттан аса сөйледі. Ол колхозда мақта шабу маусымының жақсы аяқталғаны жайлы, енді қоза басын шырпуға кірісіп, әрбір мақталықтың басына қырман жасауды қолға алу керектігі туралы айтты. Сонан соң колхозшыларға үш күн демалыс берілетіндігін хабарлады. Жылда мұндай демалыс берілмейтін. Бектемірдің мына сөзіне дән риза болған мақташылар ду қол шапалақтап, оның сөзін есіттірмей жіберді. Қол шапалақтау басылған соң, ол колхозшылардың еңбектегі тәртібі жайлы, кейбір тракторшылардың ішіп келіп, қозаны қырып кететіндіктеріне тоқталып өтті. Тәртіп туралы сөз болғанда Кәмшәт пен Ермекбай Бектемір жаққа тура қарай алмады. «Қазір біз туралы айтады. Міне қазір. Ай енді айтатын шығар» деп екеуінің де жүректері лүпілдеп отырды. Бірақ, Бектемір бұлар туралы айтпастан сөз желісін басқа жаққа бұрып кетті. Бірнеше адамнан кейін Тұрап сөз алды. Ол жиналғандардың орта шенінде отыр екен. Қақ ортадан жұртты дүрліктіріп, орындықтарды сатырлата төргі жаққа ұмтылды. Мінбеге шыққан соң отырғандарды санап алмақ болғандай көпшілікке көз тоқтатып біраз қарады. Сөйтті де тамағын бір кенеп алып, баяу үнмен сөз бастады. Ол Бектемірдің айтқандарын негізге ала отырып, кей жерлерінде одан үзінді келтіріп, мақташыларды шабық маусымын белгіленген межеден он төрт күн бұрын аяқтап отырғандарымен құттықтады. — Бірақ, іс әлі мұнымен біткен жоқ. Әлі алда талай асулар, талай өткелдер күтіп тұр,— деді ол даусын бірте- бірте екпіндетіп.— Төгілер тер, сырқырар бел алда. Ол—«Ақ алтынды» ысырапсыз жинап алу. Шабық мерзімін қалай абыройлы аяқтасақ, мақта терімді де дәл солай тәмәмдауымыз керек. Жаңа Бекең жақсы айтып кетті. Біздің колхозшылар, соның ішінде менің бригадамда әлі де болса өз міндетіне қалай болса солай қарайтын немқұрайды мақташылар да бар. Оларға кемшілігін айтсаң, кеңірдегін созып шыға келеді. Мәселенки, менің қарамағымда ерлі-зайыпты екі сушы бар… Кәмшәт пен

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66