КЕШ ТУҒАН ЖҰЛДЫЗ

Focus Mode

жұлдыздар анда-санда бір жарқ етіп, қайта ғайып болады. — Апырай, жаңбыр жауып кетсе сізге қиын болатын болды-ау,— деді Ермекбай аспанға қарап.— Мына күннің ашыла қоятын сыңайы жоқ қой тегі. — Е, одан жасқанатын не бар. Шегірткеден қорыққан егін екпес. Қайта, жауын астында жүрген жақсы емес пе! Осыдан соң ол бұлармен қош айтысып, машинасына отырды да, қақпадан шығып кетті. Ермекбай қақпаны жауып үйге кірді. Әлгі ішкіліктікі ме, жүрегі жиі-жиі соғып, басы зірк-зірк етіп барады. — Ішпеймін деген кісіге сонша жалпақтағаның не осы? — деді Кәмшәт біраздан соң. — Сол жалпақтау ма екен. Жақсы кісіден жан аяма деген. Ай, алтын адам ғой шіркін! Сөз қандай, ақыл қандай! Солай емес пе Кәмшәт ә? Кәмшәт үндеген жоқ. Ол екеуі, әсіресе Ермекбай Бектемір бір нәрсеге ұрынып қалмаса екен деп қатты тынышсызданды. Ал Бектемірдің бұлардан шыққан соң машинасын Арысқа апаратын жолға емес, өз үйіне апаратын жолға бұрғанын олар білген жоқ. Колхозда шабық тоқталып, мақта басын шырпу басталды. Мақташылардың қолы босап, арқа-басы бұрынғыға қарағанда кеңіп қалатыны да осы кез. Мұның өзі де көпке созыла бермейді. Он бес-он алты күннің ішінде өте шығып, қырман жасау, арық шылаулау сияқты ұсақ-түйек жұмыстар килігіп кетеді. Әні-міні мұны да бітіріп қаламыз деп жүргенде оңтүстік өңірін дүрліктіріп, әйгілі мақта теру маусымы кеп жетеді. Сонан соң қара жерге қар түскенше тыным жоқ. Ауылдың еңкейген кәрісінен бастап еңбектеген баласына шейін мақта жинауға жұмылады. Қоза шырпу басталған күні колхозшыларға ақшалай сыйлық берілетіндігі жөнінде хабар келіп жетті. Бұл сыйлықтан үміттенбеген тек Ермекбай мен Кәмшәт болды. Еңбек күндерін есептеп келгенде, олардікі көп сушылардан артта екен. Ал Бибісаралар болса, солардың алдын бастап тұрды. Кәмшәт сыйлық ала алмайтын болғанына өкінген жоқ, өздерінің неге, жұрт соңында жүргенін ойлап қатты қынжылды. Қасында күйеуі болса да әйелдерден көш кейін қалып қойғандарына намыстанды. Сыйлық ақша берілетін күн де келді. Бастықтың нұсқауы бойынша, ақша бригада-бригаданың басына әкелініпті. Оны үлестіретін де бригадирлердің өзі. Тұраптың бригадасы үлкен ағаштың көлеңкесіне түс кезінде жиналды. Кәмшәт пен Ермекбай ол жаққа қанша барғысы келмесе де, Бибісара қоярда-қоймай жүріп ертіп әкетті. — Ей, соның отыз-қырық сомы кімге дүние болады дейсің. Жүріңдер, бұ да бір қызықшылық қой. Алмай қалатын бір сендер емес шығарсыңдар,— деді ол бастырмалата сөйлеп. Өзі мейрам күндегідей киініп апты. Бұлар дәу талдың түбіне келгенде мақташылар түскі тамақтарын ішіп отыр екен. Біраздан соң Тұрап келді. Атынан түсіп, шылбырын бір жусанға байлай салды да, ерге ілінген көне сөмкесін алды. Ол колхозшылардың жанына кеп амандық-саулық сұрасқан соң, сыйлық ақша әкелгендігін айтты да, сөмкесінен қалам-қағазын алды. Кәмшәт пен Ермекбай, тағы бірнеше әйелдер шапырласып жатқан

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66