КЕШ ТУҒАН ЖҰЛДЫЗ

Focus Mode

сіңілім. — Жоқ олай демеңіз апай. Ермекбай ондай емес. Ол… мені… мені жақсы көреді. — Мені де күйеуім жақсы көрген. Мен де дәл сен сияқты сенгенмін. Сенбесем, әлгі дәрігер жігітпен кетер едім ғой. Кейін кеш болады. Өкінгеннен пайда таппайсың. Ойлан сіңілім, ойлан!.. * * * Шаңқай түс. Далада күн шыжып тұр. Аспан айналып жерге түсердей аптап. Кәмшәт жұмыстан келе жатып үйге жете бергенде қарсы алдынан Бектемірдің машинасы көрінді. Төбесінен жасыл түскендей, жас келіншек демін ішіне тартып, сол орнында қимылсыз қатты да қалды. Машииа есігі сарт етіп жабылғанда барып Кәмшәт есін жинап, сол кезде өзіне қарай ақырын жүріп келе жатқан Бектемірді көрді. Оның жалт беріп жүгіре жөнелгісі келді. Бірақ, жаны кетіп қалғандай аяқтары орнынан қозғалмады. Жас келіншек Бектемірдің өзіне жақындай түскен жүзінен көз тайдырмай тесіле қарап, бір-екі адым ғана артқа шегінді. — Кәмшәт! Сәламатсыз ба? — деді Бектемір ақырын ғана. Ол басын изеді. — Сіз қандай өзгеріп кеткенсіз. Боп-бозсыз ғой. Науқастанып жүрген жоқсыз ба? — Жо-жоқ… — Мен сізді үйіңізге дейін шығарып салайын. — Рақмет. Өзім-ақ… Кәмшәт бұрылып жүре бергенде Бектемір оны қолынан ұстап тоқтатты. — Бұлай еткеніме кешіріңіз. Айтыңызшы, сіз менен неге қашқақтай бересіз? Неге сөйлескіңіз келмейді, мен сізге еш жаманшылық жасаған жоқпын ғой. Ол не деп жауап берерін білмеді. Тіпті, сөйлейін деп те ойламады. Басы шуға толып, мең-зең боп барады. «Құдай- ау, бұ не бұл? Тал түсте… көшенің ортасында… менің білегімнен ұстап тұр. Қолы қандай қатты. Сұмдық-ай, жұрт көріп қойса ше? Не болған, не болған бұ кісіге. Мұнысы несі?» Ол Бектемірге қарай алмады. Бір кезде өз білегін қыса ұстап тұрған оның саусақтарының қимылдағанын сезді. Ток жүріп өткендей денесі ду етіп маңдайынан тер бұрқ ете қалды. — Ағай, босатыңызшы, ұят қой бұл! — деді әлден уақыттан соң естілер-естілмес күбірлеп. Бектемір оның қолын босатты да, машинасына қарай жүгіре жөнелді. Кәмшәт ұзай бергенде ол қайта қуып жетті. — Міне, мынау… сіздің орамалыңыз. Мен мұны сақтағаныммен сіз мені бәрібір жек көресіз. Сіздің мені көргіңіз де келмейді. Бірақ, орамал болмаса да мен сізді ұмыта алмас едім. — Сіз… сіз не деп тұрсыз? Бұ не дегеніңіз! — Кәмшәт дауысының қаттырақ шығып кеткенін байқамай қалды,— Қалайша сіз… сіз… мен… біреудің әйелімін ғой!.. — Оны өзім де білемін Кәмшәт. Мұның бәрі де қылмыс екенін, сіз айтқандай масқара екенін жақсы түсінемін. Бірақ, амал не? Бәрі де менің еркімде емес. Сізді ұмытайын деп ойлаған күні ертеңіне бұрынғымнан да сағына түсемін. Әрбір минут сайын сізді көргім келеді. Оған да мүмкіндік жоқ. Сіздің үйге барудан да сезіктенем, жасқанам. Жұрттың бәрі маған

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66