«ТАЛАХАН-186»

Егер еріншектіктен дүниежүзілік жарыс өткізілетін болса және оған ерінбей қазақтар да қатыса қалса, халықаралық қазылар алқасы бас жүлдені ойланбастан қазақтарға беретініне өз басым бәс тіге аламын. Өзге халық ат шаптырым жерден әкпішпен су тасып өзіне алданыш боларлық көгеріс егеді, ал қазақтың үйін сел алғалы жатса да, жерге еңкейіп шыбық қадамайды, сөйте тұрып, әкпішпен су тасып ауласын көгертіп отырған басқа ағайынды …

ТАҒДЫРДЫҢ КЕЙБІР КЕЗДЕРІ

Аудан орталығы боп есептелетін шағын қаланың шағын ғана баспаханасында он төрт жыл әріп теруші боп қызмет істеген Жәдігердің облыстық ауруханада жатқанына міне, бес ай болды. Алғашқы кезде дос-жарандарының бірі болмаса бірі кеп, бұрын дәрігер атаулының алдын көрмеген оның көңілін көтеріп, рухын өсіріп жүруші еді, бертін келе мұның ауруханада жатқанына жұрт әбден үйреніп алды ма, әлде келе беруден жалықты ма, әлде …

АЙ-ПЕТРИ АҚИҚАТЫ

Оңтүстік Қырым жағалауының ең бір көрікті қойнауына орналасқан санаторийде Жамалдың емделіп жатқанына бір айдың жүзі болды. Оның бұл санаторийге кеп емделіп жүргені бірінші рет емес, бұдан бұрын екі-үш мәрте болған. Неге екені белгісіз, осы жерге келмесе оған басқа жердің емі қонбайтындай көрінеді де тұрады, әрі араға екі-үш жыл салып келіп тұрғандықтан ба, бұл санаторийдің бүкіл дәрігерлер қауымы мен өзге де …

«КОНФРОНТАЦИЯ»

Ережеп пен Елеместің арасындағы бірнеше жыл бойы пісуі жетіп, иі қанған төбелес 1986 жылдың жетінші сентябрінде, жексенбі күні, жергілікті уақыт он сегіз отыз бесте бұрқ ете түсті. Сырт қарағанда бұл төбелес табан асты басталғандай көрінуі мүмкін, ал іштей қарағанда оның шығуы заңды еді: екеуінің арасындағы қырғиқабақ қарым-қатынас барған сайын ушығып, бір-біріне тұра ұмтылуға қолайлы сәт қана жетпей жүрген. Сол «қолайлы» …

ЕСКІ ҮЙДЕГІ ЖАҢА ҚОНЫС

Есіркеп түскі тамағын ішіп болған соң бет-аузын тыжырайтып, көзін жұмып, рахаттана құлағын шұқып отырған кезде жер сілкініп, дабыл жарғағын жарып ала жаздады да, столды қимылдатқан сол екен деп, қарсы бетте отырған төрт жасар жазықсыз баласын жақтан тартып жіберді. Әлгіде ғана келесі жексенбіде әкесімен бірге қалаға барып ойыншыққа кенелетін боп отырған бала шырқырап қоя берді. — Әй, жын қағып кетті ме, …

ЕСЕПШОТ, ТҮЙЕТАУЫҚ ЖӘНЕ ДОМИНО

Пістекүл өзін ауылдағы ең ажарлы, өжет, екі сөйлеу дегенді білмейтін және көзі ашықтығы жағынан өзгелерге қарағанда оқ бойы озық әйелмін деп санаушы еді. Өзі туралы мұндай берік байлам оның кеудесіне нан пісіріп, көшеге шыға қалса былайғы жұртты көзге ілмей, бойын тәкаппар ұстауға тырысатын-ды. Дәл осы мінезінің арқасында ол ауылдағы құрбы-құрдастарымен ғана емес, совхоздың бухгалтері, «туған» күйеуі Сопытаймен де жиі-жиі жүз …

АҚЫРАМАШТАН НАУРЫЗҒА ДЕЙІН

Қараспан төбенің батыс жағын жайлаған шағын ауыл, мақта терім бітіп, жерге алғаш қар түскенде барып уһ деп демдерін бірақ алады. Қызыл топырақтың астынан қос құлақ боп қылтиып көрінген қоза жарықтық бейнет атаулыны жер бетіне өзімен бірге түгел ала шығып, қыр басындағы ауыл адамдарына сонау ақырамашқа дейін ес жиғызбайды. Күн қақтап, шаң қапқан, жаманды-жақсылы бір істі атқарып салған соң алғаш қар …

«ОГОНЕК» ЖУРНАЛЫНЫҢ 17-САНЫ

Қазан вокзалынан шыққан жүрдек поездың тұсауы шешіліп, төмен құлдилаған қырғидай көз ілеспес шапшаңдық алғанына бір сағаттай болды. Иықтарымен сым тіреген телеграф бағаналары көз алдыңнан сілтенген қамшыдай сып-сып етіп тынымсыз өтіп жатыр. Поезд жүрер алдындағы жолаушылардың айғай-шуы мен сапырылысқан қарбалас басылып, әркім өз орындарына жайғасып, көңілдері жай тапқан шақ. Купелеріне көңілдегідей орналасып алған соң енді бұдан ары уайым-қайғы деген мүлде кездеспестей, …

ҚАБЫЛАН

–Сонда, оның ескі жұртты сағынғаны ма? –Солай болғаны ғой. –Апырмай, итте де ондай қасиет болады екен-ау. –Болады… Көктем шығуы-ақ мұң екен, Қабыланның да барлық мінезі, жүріс-тұрысы, күнделікті әдеті, төңірекке көзқарасы, бәрі-бәрі де өзгеріп сала берді. Оның біздің есіктің алдына келгеніне міне төрт ай болды. Осы төрт айдың ішінде Қабылан көз алдымызда жүрсе де бәрімізден ұрланып ержеткен секілді. Осы көктем шығып, …

КЕМПІРЛЕР

Біздің ауылдың шет жағында еңсесімен көз тарта қоймайтын, кішкентай ғана елеусіз бір үй бар. Оның өзгелер сияқты сапырылысып келіп-кетіп жатқан мейманы да жоқ, шалқып жатқан дәулеті мен шаруасы да жоқ. Осы үйдің құрым киізбен қапталған қара есігінен бірі үлкен, бірі кіші екі адам — әжесі мен әлі мектепке бара қоймаған немересі ғана кіріп-шығып жүреді. Екеуі бір-біріне серік, бір-біріне жұбаныш. Әжесінің …