АҚЛИМА

Ақлима өзін өжет, айтқанынан қайтпайтын бірбеткей әйелмін деп санайтын-ды. Оның өжеттігінің де, бірбеткейлігінің де бары рас. Мұның үстіне сымбаттылығы мен көріктілігі кеп қосылғанда, өзгелерден өзін көш ілгері шығармын деп санайтын жас келіншек бойын тартқан сымдай тік ұстап, тәкаппарланып жүретін. Осы қасиетінің арқасында ол құрбыларымен де, тіпті күйеуі Сопытаймен де жиі түс шайысып қала беретін. «Әдірем қал-ау, — деді бір күні …

КҮЙЕУ БАЛА

Оның үйленгеніне небәрі жиырма шақты-ақ күн болған еді. Бұдан біраз бұрын келіншегінің төркінінен хат келді. «Жақында барамыз» депті. Әке-шешесі келетін күні Шәкира абыржумен болды. Жұмысқа қолы бармай, істеген ісінің бәрі өнбеді. Жүрегі тайдай тулап, секіре бергісі келеді. Ал, Қамардин оларды қалай қарсы аламын, не деп сөйлеймін деп ұзақты күн уайым жеулі. Ақыры қонақтар да келді. Төркіні келгенде ербиіп екеуміз-ақ күтіп …

ӘКЕ

Алматыдағы бір құрылыс басқармасының аға инженері Әшірәп Байтұрсынов қызметтен үйіне оралды. Әйелі Ғазиза осыдан екі күн бұрын кішкене Ержан мен Сейтекті ертіп, Шымкенттегі төркініне кеткен еді. Мазасын алатын ешкім жоқ. Сондықтан ол өз бөлмесінің есігін ашып тастап, жұмсақ орындыққа шалқалай түсіп, күнделікті газеттерді қарап отырды. Осы кезде ауызғы үйдің есігі сарт етіп жабылды да, әлдекім тасыр-тұсыр етіп кіріп келді. «Ай, …

СЫР БОЙЫНДА (новелла)

Сіз аң аулаудың қаншалықты қызық екенін білесіз бе? Ит тұмсығы өтпестей қалың өскен орман арасында киіміңізді шеңгелге жұлмалатып кешкілік бір қырғауылға шықсаңыз, немесе бұл дүниеде өзінен асар тірі жан жоқтай өзен жағасында қаннен-қаперсіз қара лайға армансыз аунап жатқан қауіпті де ақымақ қабанды ауласаңыз, бойыңыз бір көтеріліп, жаныңыз бір жаңғырып қалмас па! Ой-хой, дүние-ай десеңізші, ондай серуенге не жетсін, шіркін! Ал …

СОЦИАЛИЗМ ЗӘУЛІМІ

Мәскеуде қандай қаулы қабылданбасын алдымен Алматыға жететін әдеті. Совет үкіметі орнаған күннен бастап съездер мен толып жатқан пленумдардың шешімі Россияның мыңдаған деревнялары мен басқа республикалардың үстінен төрт мың шақырым еш жерге аялдамай аман-есен ұшып өтіп, ең әуелі дәл осы жерде жүзеге асып жатады. Әлгі деревнялар мен республикалар орталықтың шешімін енді естігенде қазақстандықтар оған баяғыда-ақ бел шешіп кірісіп кеткен боп шығады. …

МӘҢГІЛІК ҚАҒИДА

…Сонымен, бәрі де бітті. Екі айға созылған алдын ала тексеру, куәлардан жауап алу, тексеру изоляторында отырған үміт пен өкінішке толы күндер, адвокаттың мұны ақтап алмақ болған әрекеті, бәрі-бәрі артта қалды. Ол сот процесі өтіп жатқан ең соңғы сәтке дейін еркіндіктен үмітін үзбеп еді. Үкім жаңа ғана оқылды. Үкім оқылып жатқанда бостандықтың есігіне қол созым ғана қалғандай, сол есікке тезірек жетуге …

ЖҮЗ ЖЫЛДЫҚ АРМАН

«Қоянды» колхозының тірлігі соңғы он бес жылдың ішінде бір оңбай-ақ қойды. Мұзға құлаған түйедей бір аяғын әзер жинағанда екінші аяғы тайып, әбден қалжырап, болдырып, өмірден күдерін үзіп, тұралаған халге жетті. Ауыл адамдары күннен-күнге қожырап бара жатқан тіршіліктерін жөндеу үшін не амал жасамады десеңізші. Ауыл көлемінде әлденеше рет жиналыстар өткізді, талай-талай қаулылар қабылдады. Болмады. Басшылар ауданға барып, аудан ауылға келді. Одан …

ӨЗЕН СУАЛҒАНДА

Аспан айналып жерге түсердей шілденің шыжып тұрған кезі. Шақырайған күн минут сайын жерге жақындап келе жатқан тәрізді. Дала оты сөнбеген тандырдай аптап атып тұр. Әуе тымырсық. Лып еткен жел жоқ. Анда-санда ауыл арасынан тік көтерілген құйындар тыныш жатқан шөп-шаламдар мен теміржол жиегіндегі сары қағаздарды ту биікке алып шығып, ермек таппағандай құтырына ойнайды. Айнала жым-жырт. Осы маңдағы адамзат мекенінің бәрі де …

БОНАПАРТТЫҢ ҮЙЛЕНУІ

Балаға ат қоюға келгенде қазақтан өткен «нахал» ешкім жоқ. Олар дүниежүзілік есімдердің қожасындай оның төбесіне шығып отырып алады да, «мынау ананыкі екен, мынау мынаныкі екен» деп бас қатырып жатпай, қайсысы аузына түссе сонысын алып баласына жапсыра салады. Ол есім жақсы ма, жаман ба, қазақ топырағына үйлесе ме, үйлеспей ме, үйлесе қалған күнде дәл соның баласына келісе ме, келіспей ме – …

ЕСКЕРТКІШ

Аудандық партия комитетінің секретары Жанайдаров ертеңгілік кабинетіне келіп, шешініп, шашын тарап, иығына түскен ақ қайызғақтарын сілкіп, креслосына отыра бергені сол еді, оң жақ бұрыштағы телефон оның отырғанын күтіп тұрғандай аяқ асты безілдеп ала жөнелді: «Межгород» деді іштей Жанайдаров трубканы тез құлағына тосып. –Алло, – деді ол дауысын әрі шаршаған, әрі таң атпай жұмыстан басқаны ойламай отырған іскер адамның мақамына салып …